+7 (727) 267-28-83

ОС1

17 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «ОЙЛЫ КІТАП» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап жалпы саны 40 бөлек ой-пайымнан құралған. «Ойлардың» әрқайсысы екі бөліктен тұрады: біріншісінде, қазіргі кезде ел дамуына кедергі келтіріп отырған келеңсіздіктер өткір сыналса, екіншісінде, оларды оңтайлы шешу  жолдары мен тетіктері берілген.

Кітапта тегіміз Түркі әлеміне серпіліс беру, Түркістанды жаңғырту, өзегіміз ауыл, жер мен тіл туралы, өмірдің мәні неде, жаңа технологиялар, жасанды интеллект, адам геномы, сана ғасыры т.б. туралы ойлар сараланады. Қоғамды жаңғырту ілімінің концепциясы, кризистен шығу жолдары берілген.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының ака-демигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Рақышев Баян Рақышұлы жүргізді.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбден жаңа басылымымен таныстырды.

Лента кесу рәсіміне қатысқандар:   Советхан Ғаббасов, Ғани Майлибаев, Асылы Осман, Әзімхан Сатыбалдин.

Сөз сөйлеген қонақтар:  жазушы, педагогика ғылымдарының докторы Советхан Ғаббасов, Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаев, «Президент және халық» газетінің бас редакторы, профессор Марат Тоқашбаев, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Экономика институтының директоры Әзімхан Сатыбалдин, Төл әдебиетіміздің озық үлгілерін шетелде насихат-таушы, Қазақстандағы тұңғыш «Bestseller» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Бақтыгүл Маханбетова.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапхананың қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар:  зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, ақын-жазушылар,  қоғам  қайраткерлері  және т. б.

ОС4   ОС8   ОС10
ОС2   ОС3   ОС6
ОС5   ОС9   ОС7