6 қазан, сағ. 11.00-де Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының ұйымдастыруымен «Рух тәрбиесі – Жеңіс кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет ашып, С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Sagadat Batyr» спорт клубының негізін қалаушы, Бас бапкері Нұрсұлтан Орынбасаров жүргізді.
Кездесу қонақтары: абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Омар Жәлел, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығының аға жаттықтырушысы Әшім Қали және джиу-джитсудан жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Жібек Құлымбетова.
Шараға әлемдік аренада бой көтеріп жүрген спортшылар, әлем чемпиондары, бапкерлер қатысты.