+7 (727) 267-28-83

МА

1 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына зейнеткер Мүгүлсім Әмірова туған жер тарихының алдындағы азаматтық парызын өту мақсатындағы өзегін жарып шыққан жазбалардан, адами әрі рухани болмысына негіз болған ардақты адамдары мен мектебі туралы балалық естеліктерден тұратын «Өтелмеген парызым» атты кітабын сыйға тартты.

М.Әмірова - 1991 жылдан ҚР Әділет министрлігінде басқарма бастығы, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу мәселелері жөніндегі үкіметтік келіссөздер тобының бірнеше жыл мүшесі, 2006-2009 жылдары ҚР Президентінің ҚР Парламенті өкілдігінде бас инспектор қызметін атқарған. «Құрметті заңгер» және «За верное служение Фемиде» белгілерінің иегері.

МА1