+7 (727) 267-28-83

ЖШ

9 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан фотожурналистикасының ақсақалы, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, Қазақстан журналистикасы мен фотоөнерінің қайраткері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің фотожурналисі Нұрманбет Қизатұлының «Жан шуақ» атты иллюстрациялық фотоальбом-кітабының тұсаукесері өтті.

Нұрманбет Қизатұлы – қазақ журналистикасына есімі өте жақсы танымал тұлға. Ол алғашқы кәсіби бағытын аудандық газеттен бастап, республиканың мерзімді басылымдары – газет-журналдарында айшықты қолтаңбасын қалдырған фототілші, айтулы кәсіби маман.

Бұл фотоллюстрациялық альбом-кітап – Қазақстанның соңғы 60 жыл бойындағы тарихи фотошежіресі деуге лайық. Көркем жинақтан қас-қағым сәттің қас шебері, нағыз шығармашылық шабыт иесінің бойындағы бар таланты мен дарынын тек қана фотосурет өнеріне шынайы әрі адал арнағаны байқалады. Фотожинақты парақтаған сайын ерекше ептілікпен, қағылез кірпияздықпен таспаға басылған тамылжыған Табиғат-Ана, тағдыры тағлымды адам ғұмыры, бүлдіршіннің күлкісі, мемлекет қайраткерлерінің өмірінің ілкі бір сәті, өнер саңлақтарының ойлы  болмысы... бәрі-бәрі көз алдыңызда мөлдіреп көрініс табады, санада жаңғырады.

Кітап фотоөнерге қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

Іс-шараны Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын-баспагер, Халықаралық Жамбыл қорының директоры Манарбек Ізбасар жүргізді.

Лента қию рәсіміне қатысқандар: Марат Тоқашбаев, Берікжан Әлмұхамбетов, Келісхан Темірбекұлы. 

Сөз сөйлеген қонақтар: Марат Тоқашбаев, Берікжан Әлмұхамбетов, Келесхан Темірбекұлы, Доқтырхан Тұрлыбекұлы, Асылхан Әбдірайымұлы, Талғат Айтбаев, Толымбек Әлімбекұлы, Болат Шарахымбай, Саят Жұрын, Ермек Абақов, Өмірбек Ноғайбаев, Алмас Қабдікәрімов және т.б. қатысады.

Сондай-ақ, фотоальбом-кітаптың авторы, фотожурналист Нұрманбет Қизатұлы қорытынды сөз сөйледі.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының қорына жаңа кітап сыйға тартылды және  қатысушыларға табысталды.

Қатысушылар: белгілі ақын-жазушылар, зиялы қауым, фотожурналистер және БАҚ өкілдері.

ЖШ1   ЖШ2   ЖШ3   ЖШ4
ЖШ5   ЖШ6   ЖШ7

 

Сайтта

Қазір сайтта 463 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.