+7 (727) 267-28-83

МЕ

24 қараша Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершудың «Атырау Маржандары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның мақсаты - белгілі композитор Әбілахат Еспаев пен ақын Садықбек Адамбековтің «Маржан қыз» әнінің шыққанына 70 жыл толуына орай ән мұрасын насихаттау және әннің прототиві – атақты жылқышы, Социалистік Еңбек Ері Маржан Енбаеваны еске алу.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет ашып, ақын-аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Маржан Ершу жүргізді.

Сөз сөйлеген қонақтар: Маржан Ғалымжанова, Заря Жұманова, Гүлжайнар Сүлейменова. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері өз пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара барысында «Маржан қыз» әні айтылып, жаңа кітап ҚР Ұлттық кітапханасына және қонақтарға сыйға тартылды.

Қатысушылар: ақын-жазушылар,  студенттер және т.б.

МЕ1   МЕ2   МЕ3

 

Сайтта

Қазір сайтта 566 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.