+7 (727) 267-28-83

2018 жылғы 14 қарашада Н.Дәулетова атындағы залда ақын, көптеген танымал әндердің авторы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. 

Нұтфолла Шәкенов 1928 жылы 1 ақпанда Павлодар облысы, Ермак ауданы №9 ауылында (қазіргі Ақсу ауданы Қ.Қамзин совхозы) дүниеге келді. 1943 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің дайындық курсын, содан кейін тіл әдебиеті факультетін бітірді. Университетте оқи жүріп «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер және «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы, 1949 - 1953 жылдар аралығында қазақ радиосы, әдеби-драма хабарлары бөлімінің бас редакторы, ал 1953 - 1955 жылдары «Қазақстан пионері» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

Нұтфолла Шәкеновтің өлендері 1944 жылдан бастап республикалық және ресейлік басылымдарда жарияланып тұрды. Ақынның «Біздің жыр» атты алғашқы өлеңдер жинағы 1949 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енген.

Кеш аясында Нұтфолла Шәкеновтің шығармашылығынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға  ақын, сатирик Мыңбай Рәш, әдебиеттанушы-ғалым Темірхан Тебеген; ақын Бақыт Беделхан; жазушының жұбайы Нұрғиза Шакенова қатысып,  сөз сөйледі. Сондай-ақ, Тұран университетінің журналистика факультетінің студенттері Нұтфолла Шәкеновтің өлеңдерін оқыды.

14 11 2018 214 11 2018 214 11 2018 2

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.