3 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері кітапхананың құрметті ардагерлері, тыл еңбеккерлері – Меңдиярова Рая Марденқызы мен Любенко Евгения Осиповнаны алдағы 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Ардагерлер ұлттық кітапхана басшылығы мен қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Кітапханашылардың ерлігі болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.
![]() |
![]() |