20 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстанның халық әртісі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына орай еске алу кеші өті.
Актриса, ұстаз. Қарағанды облысының Милыбұлақ ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Алматыдағы театр-көркемсурет училищесін бітірді. Оқуды бітірген жылы ұстаз Асқар Тоқпанов оны Қазақ мемлекеттік драма театрының режиссері Моисей Гольдблатке әкеліп, жас актриса Мұхтар Әуезовтің «Сын сағатында» драмасындағы Рәш рөлін алғаш рет үлкен сахнада сомдады.
1941 жылдан М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актрисасы, өмірінің соңына дейін сол жерде жұмыс жасажы. 200-ден астам рөлдерді сомдады. 1968 жылдан педагогикалық қызметпен айналысты. 1978 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Актер шеберлігі» пәнінен сабақ беріп, болашақ театр әртістерін дайындауға үлкен үлес қосты. Кинорежиссер Ш.Аймановпен бірге жұмыс істеді.
Кинодағы рөлдері: «Тоғыс» - эпизод, «Махаббат дастаны» - Баян Сұлу, «Дала қызы» - Зияда, «Абай әндері» - Мағыш.
Театрдағы рөлдері: «Ақан сері мен Ақтоқты» - Ақтоқты, «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» – Баян, «Еңлік – Кебек» - Еңлік, «Махаббат туралы аңыз» - Шырын, «Достық пен махаббат» - Шекер, «Бөрік астындағы қасқыр» - Марфуға, «Таланттар мен жанкүйерлер» - Негина, «Сараң» - Марианна, «Шындық жақсы, бірақ бақыт одан жақсы» - Фелицата, «Қызғаныш» - Салхия, «Таңдағы махаббат» - Параска қыз және т. б.
Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі. Екі рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Екі рет КСРО «Еңбек Қызыл Ту», Қазақстан Республикасының «Отан» ордендерімен марапатталған.
2013 жылы Алматыдағы Шолпан Жандарбекова тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.
Кешті журналист Гүлмира Нәлібай жүргізді.
Іс-шараға ҚР халық әртісі Нүкетай Мышбаева, ҚР кинематографиясының үздігі Шаяхмет Имашұлы, ҚР еңбек сіңірген әртістері Шәмшәгүл Меңдиярова, Салиха Қожақова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Бекжан Тұрыс, актерлер Үсіпхан Сейтімбет, Жұмағали Маханов, туысы Іркен Ақынова және т.б. қатысты.