26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасы № 19 орта мектепте ұшқыш, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына орай әдеби кеш өткізді.
Іс-шара «Қазақстандағы балалар жылы», «Оқитын ұлт» ұлттық жобасын жүзеге асыру аясында өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Әуе шайқасының қаһарманы» атты көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты ─ батыр тұлғамызды жан-жақты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, өскелең ұрпақты Талғат Бигелдиновтің ерлік жолымен таныстыру.
Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің кітапханашысы С. Жақсылықова мен Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы М-Қ. Шархан кітап көрмесіне ұсынылған кітаптарға шолу жасады.
Іс-шараға Алматы қаласындағы № 19 орта мектептің ұстаздары мен әкімшілігі, оқушылары қатысты.