+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі:

Жаркналова Мадина Баянқызы

Байланыс тел.: +7-727-272-31-30

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
 

Негізгі бағыттары:

-  Кітапхана қорына түскен ұлттық әдебиеттің барлық ақпараттық-библиографиялық мәліметтер жиынтығына оқырман қолжетімділігін қамтамасыз ету;
-  отандық басылымдарға оқырман сұранысын қанағаттандыру мақсатында сапалы, мазмұнды қосалқы қор ұйымдастыру.

Негізгі қызметтері:

- оқырмандардың отандық басылымдарға және шет елдерде басылған Қазақстан туралы әдебиеттерге ақпараттық сұранысын қанағаттандыру;

- қосалқы қорға түскен жаңа әдебиеттер жайлы оқырмандарға мәлімет беріп отыру, насихаттау;

- оқырмандардың ақпараттық қажеттілігін және тақырыптық сұранысын зерделей отырып, қосалқы қорды толықтыру;

- қосалқы қордың дәстүрлі және электрондық каталогтарын жүргізу; 

-жаңа түскен басылымдар көрмесін, тұрақты тақырыптық көрмелерді және көшпелі кітап көрмелерін ұйымдастыру;

-іс-шаралар ұйымдастыру: поэзия мен әдеби кештерін, тақырыптық шолулар және т.б.;

-оқырманның тақырып бойынша әдебиеттер таңдауына библиографиялық көмек көрсету;

-цифрлық кітаптарға және толық мәтінді дерекқорлаға қолжетілімдікті қамтамасыз ету.

"Қазақстан кітартары" оқу залында:

1. Ашық қорда:
- «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан әдебиеттер;
-  барлық ғылым саласы бойынша әдебиеттер;
-  анықтама-библиографиялық әдебиеттер;
-  Қазақстанның көркем шығармалары. 

2. Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі.

3. Танымал жазушылардың мемориалдық кабинеттері.

4. Тақырыптық көрмелер.

5. Жаңа басылымдар көрмесі.

 

Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған оқу залында:

1. Ашық қорда:

- анықтама-библиографиялық әдебиеттер;

- «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша шыққан әдебиеттер;

2. Академик Ө.М.Сұлтанғазинге арналған кітап және фотосуреттер көрмесі.

3. Тақырыптық көрмелер.

4. Жаңа басылымдар көрмесі.

Құрылымы:

1. Ұлттық әдебиеттерді ұсыну тобы;
2. Салалық әдебиеттерді ұсыну тобы;
3. Ғылыми әдебиеттерді ұсыну тобы;
4. Кітап топтамаларымен жұмыс жасау тобы.

 

Сайтта

Қазір сайтта 106 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.