+7 (727) 267-28-83

Қызмет жетекшісі:

Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы

Байланыс тел.: +7-727-267-28-73

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

 

Негізгі бағыттары:

Қазақстандағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайын зерттеп, талдау және дамуын болжау;

Республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;

кітапхана ісіндегі өзекті тақырыптар және ҚР Ұлттық кітапхана тарихы бойынша іргелі қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу;

ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне және республика кітапханаларына кітапханатанулық зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары және кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету; 

 ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің және республика кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

Кітапханатану залында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету.

Негізгі міндеттері:

 Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорын жүргізу, республика көпшілік кітапханалары қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;

кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеу;

кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, ғылыми ақпаратпен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;

кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, ҚР Ұлттық кітапхана және республика кітапханалары қызметіне инновациялық үрдістерді енгізуге әдістемелік көмек көрсету; 

кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;

республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен, ҚР Кітапханалар Ассоциациясымен, алыс және жақын шетел кітапханаларымен және т.б. қоғамдық ұйымдармен, ассоциациялармен әріптестік қарым-қатынас орнату;

республика көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу, жарияланымдар дайындау;

ҚР Ұлттық кітапхана Ғылыми Кеңесінің және Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

Кітапханатану залында оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

Құрылымы:

Кітапхана ісінің дамуын болжау мен дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тобы; 

Кітапханатану залы.

Сайтта

Қазір сайтта 463 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.