22 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында орналасқан Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы кезекті онлайн отырыс өткізді. Отырыста келесі мәселелер қаралды:
1. Ағымдағы жылдың қараша айында Бангкок қаласында (Тайланд) өткен «Тұрақты болашақты құратын кітапханалар» семинары бойынша ақпарат. Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі, х. ғ. к. Б.Ш.Сәрсенбаева «Кітапханалар. БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттары» тақырыбы бойынша презентация ұсынды.
2. Орталықтың алдағы 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын ұсыну және түзету.
3. Әртүрлі мәселелер. Әлемнің кітапхана картасы бойынша ақпарат, Моңғолия Ұлттық кітапханасымен келісім-шарт жасасу және «Кітапханалардың қоғамға әсерін бағалау рәсімі» ISO 16439:2014 стандартын зерделеу бойынша ұсыныс.
Іс-шараға облыс орталығының құрамына кіретін ұйымдардағы Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығымен жұмыс жөніндегі жауапты тұлғалар, сондай-ақ осы ұйымдардың консерваторлары мен қалпына келтіруші мамандары қатысты.