+7 (727) 267-28-83

1x1

ммс 2023

Қазақстан кітапханалары – 2022 жыл. Мәліметтер мен сандар: Ақпараттық-сараптамалық шолу = Библиотеки Казахстана – 2022 год. Факты и цифры: Информационно-аналитический обзор / ҚР Ұлттық кітапханасы; бас ред. Б.Қ. Оспанова; бас ред. орынд. А.Х. Юсупова; ред. алқа: Б.Ж. Жүнісбеков, Г.А. Маханбетова ; құраст.: А.Л. Кривков, Қ.Ш. Әлімғазинов, Г.Т. Ауғанбаева, С.З. Аханова. - Алматы, 2023. – 217 б.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми-әдістемелік қызметі дайындаған «Қазақстан кітапханалары – 2022 жыл. Мәліметтер мен сандар» ақпараттық-сараптамалық  шолуы  ҚР кітапхана ісінің салыстырмалы-статистикалық зерттеулерін қамтиды.         

«Шолудың» мәтіндік бөлімі ҚР көпшілік кітапханаларының 2022 жылғы жылдық есептері, ЗНКААРК ұсынған ақпараттық-аналитикалық анықтамалар, ҚР Ұлттық кітапханасы жинақтаған жоғары оқу орындары мен колледждердегі «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасы бойынша оқу туралы деректер негізінде құрастырылды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің сайты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайты, басқа да ресми ақпараттық ресурстар жұмылдырылды.        

«Шолудың» кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасының көпшілік кітапханалар, қоғамдық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаты, халықаралық ынтымақтастық, кітапхана желісі және аумақтық орналастыру, 2022 жылғы ҚР көпшілік кітапханалары жұмысының негізгі бағыттары бойынша материалдар ұсынылды. Жеке айдарларда балалар, жасөспірімдер, балалар мен жасөспірімдер және зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың жұмыстары туралы деректер атап көрсетілді.

«Шолуды» зерттеу жұмыстары мен педагогикалық үрдісте қолдануға болады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана факультеттерінің оқытушы құрамы мен студенттеріне, статистикалық мекеме қызметкерлеріне, кітапхана ісіне қызығушылық танытатындарға арналған.

 

кбк 2023

Кітапханатану. Библиография. Кітаптану = Библиотекове-дение. Библиография. Книговедение : мақалалар жинағы = сборник статей, 31 шығ. / ҚР Ұлттық кітапханасы. - Алматы, 2023. – 124 бет.- қазақ, орыс тілдерінде.

Жинаққа балалар кітапханасының ақпараттық қызметі; кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жолдары; кітапхана мамандарын даярлау мәселелері; білікті ардагер-библиограф Е.О. Любенконың тағылымды қызмет жолы; оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктері және олардың кітапхана ұсынатын қызметтердің тиімділігі туралы пікірлері; ИФЛА Азия-Тынық мұхиты өңірлік семинары бойынша жұмыстың қысқаша ақпараты мен негізгі тезистері; кітапханаларда орын алатын кітап ұрлау қылмыс деңгейін төмендету әдістері; Орта Азия мен Қазақстанның кітап ісі тарихы; Түркменстан ҒА-ның (Ашхабад қ.) Махтумкули атындағы тіл, әдебиет және ұлттық қолжазбалар институты қалпына келтіру және сақтау бөлімінің жұмысы туралы; Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының тарихы; ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірі - Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы, сондай-ақ, қазақ топырағында пайда болған алғашқы кітапханалар туралы тарихи-археологиялық мағлұматтар баяндалған мақалалар енді. 

Басылым кітапхана қызметкерлеріне, кітапхана мамандығының студенттеріне, кітаптанушыларға, еліміздің кітапхана ісіне қызығушылық танытқан қауымға  арналған.