29 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында белгілі зерттеуші, этнограф, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы-зерттеуші, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлының туғанына 80 жыл толуына орай «Сыр елінің перзенті» атты шығармашылық кеші және мерейтой иесінің «Дерек пен дәйек» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараны жазушы, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері, «Qazaqstan dauiri» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы жүргізді.
⠀
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, мерейтой иесіне ҚР Ұлттық кітапханасы дайындаған «Тынышбек Дайрабай» библиографиялық көрсеткішін сыйға тартты.
⠀
Сөз сөйлеген қонақтар: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып; жазушы, «Балбұлақ» журналының бас редакторы Мағира Қожақметова; тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚҰУ профессоры, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының акдемигі Берекет Кәрібаев; алаштанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес; белгілі ұстаз Сәбит Иманғалиев; этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Тәттігүл Қаратаева; публицист-жазушы Көлбай Адырбек; журналист, филология ғылымдарының кандидаты Есенүл Кәпқызы және т.б. зиялы қауым өкілдері.
⠀
Шара аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің құттықтау хаттары табысталып, дәстүрлі әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова; эстрада әншісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шадаева; ҚР Мәдениет саласының үздігі, қылқобызшы Құрманбек Жүгінісов ән орындады.
⠀
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына Тынышбек Майлыбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
⠀
Қатысушылар: ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.
![]() |
![]() |
![]() |
||
![]() |
![]() |
![]() |