Абай әдеби орталығында «Абай – қазақ халқының ұлттық коды» тақырыбында үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарияланған «ABAI» әдеби-танымдық, анимациялық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Авторлары – Р.Зайкенова, Қ.Қараевамен кездесу ұйымдастырылды.
Оқырмандар авторлардан қолтаңба алып, «Сұрақ-жауап» викторинасына қатысты.
5–11- сыныптарға арналған «Абайтану» оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарының жиынтығы таныстырылып, 10–11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарындағы Абай шығармашылығы мен образы талқыланды.
Кеш соңында баспа қызметкерлері «Arman-PV» baspasy» өнімдерін таныстырып, шолу жасады.
Тұсаукесерге мектеп және колледж мұғалімдері мен оқушылары, кітапханашылар және тағы басқалар қатысты.
![]() |
![]() |
|||
![]() |
![]() |
![]() |