4 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Әдебиет академиясы залында Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар басылымы және балалар әдебиеті» тақырыбына арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсен Мағлұмов, «Ақ желкен» журналының жауапты хатшысы Асылан Тілеген, «Ұлан» газетінің тілшісі Нұрболхан Жұмахан және Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының оқушылары қатысты.