+7 (727) 267-28-83

353028833 1377959186383128 4211171525361297214 n

8 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ТҮРКСОЙДЫҢ 30 жылдығына арналған «Біз біргеміз» мерекелік іс-шаралары аясында «ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРЛІГІ» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Көрменің мақсаты – түркі халықтарының тарихи және әдеби мұраларын насихаттау, мәдениет саласындағы өзара әрекеттестікті нығайту және кеңейту.

Іс-шараны айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі Талант Арынғали арнаумен ашты.

Шараны алғашқы құттықтау сөзбен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қырғызстанның халық жазушысы Раев Сұлтан Әкімұлы бастап, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, мәдениеттанушы Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, белгілі жазушы, кинодраматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елубай Смағұл  Абатұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы сөз сөйледі.

Шара аясында бірқатар  танымал  тұлғаларды ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы «ТҮРКСОЙ 30 жылдығы» медалімен марапаттады.

«Түркі әлемінің бірлігі» кітап көрмесін ашу үшін лента қию рәсіміне ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының Бас хатшысы Раев Сұлтан Әкімұлы, мәдениеттанушы Әуезов Мұрат Мұхтарұлы, жазушы Елубай Смағұл  Абатұлы, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы, ақын, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы қатысты.

Шараның құрметті қонақтары: ТҮРКСОЙ ұйымының, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері; Қырғыз Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Арипов Назарали Турдалиевич; Түркия Бас консулдығының білім беру жөніндегі атташесі Кираз Мехмет; Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Каюмов Абдурахим Рашидович; Венгрияның Бас консулы Ференц Блауманн, Қазақстан халқы ассамблеясының, мәдени орталықтардың өкілдері және т. б.

352750694 1025449931792492 6152237215180780227 n   352722391 628371789236125 7174094037799018560 n   62f7dace b224 4986 a8d5 8008c41bdf87
352537234 673322707904171 208381271491243001 n   e2ae0920 6b21 4d53 aa29 ed42471450fe   352717813 158938750498312 997891798815806381 n