+7 (727) 267-28-83

орал

21 қарашада Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР Мәдениет саласының үздік қызметкері, 1963-1982 жылдар аралығында облыстық кітапхана директоры қызметін атқарған Лидия Игнатьевна Губанованың 100 жылдығына арналған «Қазақстан кітапханалары: баршаға ашық әлем» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ.Оспанова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова, Ақпарттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.Ө.Сыдықжанова және топ жетекшісі К.Д.Авелбекова қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов, мәдениет саласының ардагері Н.А.Гудошниковалар құттықтау сөз сөйледі.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова «Қазақстан кітапханалары - ұлттың келбеті, баға жетпес байлығы» тақырыбында баяндама жасап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және алғыс хаттармен бірқатар әріптестерімізді марапаттады.

Сондай-ақ, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Қ.Оразаеваға Ұлттық кітапхананың баспа өнімдерін сыйға тартты.

Ф.Ө.Сыдықжанова мен К.Д.Авелбекова Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөпірімдер кітапханасында Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Сырым, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарының кітапханасының мамандарына  «Web-RABIS»  бағдарламасының жаңа деңгейі бойынша шеберлік сағатын өткізді.

Конференция аясында «Атамекен» өнер ордасында «Кітапхана - ғасырлар көшінде» атты кітап көрмесінің таныстырылымы болды.

орал6   орал7   орал9
орал8   орал1   орал5
орал2   орал3   орал4