+7 (727) 267-28-83

405227546 719743140187772 7336366039240423894 n

22 қарашада Жұбан Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Мәдениет туралы» Заңының 9-бабының 5 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің «Мемлекеттік мәдениет ұйымдарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізудің қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  2016 жылғы 29 маусымдағы № 189 бұйрығына сәйкес  кітапхана  қызметкерлері аттестациялаудан (І-кезеңі, тестілеу) өтті.

Аттестаттау олардың атқарып отырған лауазымдарына немесе біліктілік санаттарына және/немесе сипаттамаларына сәйкестіктерін анықтау үшін өткізілді.

Аттестациялауға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрағасы Б.Қ. Оспанова аттестациялық комиссия төрайымы, Г.А. Маханбетова комиссия мүшесі ретінде қатысты. Сонымен қатар, «Ақжайық» облыстық телеарнасының «Күншуақ» телевизиялық бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында еліміздің кітапхана ісі саласы, Ұлттық кітапхананың тарихы, кітапханашы мәртебесі туралы және т.б. мәселелер қозғалды.

404405685 719742936854459 3853529656216077899 n   404407018 719742900187796 1119484372462359585 n
404921188 719743233521096 1492011948283623756 n   405308364 719743136854439 4304527114936547899 n