+7 (727) 267-28-83

бейбарыс

23 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты – қазақ жерінен шыққан Мәмлүктер билеушісі Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы төңірегінде жастар арасында кеңінен насихаттау.

Дөңгелек үстелді модератор – Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының аға редакторы Бақыт Жағыпарұлы жүргізді.

Шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия кафедрасының профессоры, Халықаралық әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми кеңесшісі, «Парасат» орденінің иегері, философия ғылымдарының докторы Жақыпбек Алтаев, жыршы, термеші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденің иегері, Қазақ радиосындағы «Інжу-маржан» бағдарламасының авторы Зарлы Қойшығұл Мұстафаұлы мәмлүктердің билеушісі болған Сұлтан Бейбарыс туралы деректерге тоқталып, мәмлүктер тарихынан тың ақпаратпен бөлісті.

Шараға қатысқан Логистика және көлік академиясының және Алматы темір жол көлігі колледжінің студенттері пікір алмасып, өлең жолдарын оқыды.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Сұлтан Бейбарыс туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Қатысушылар: ғалымдар, ақындар мен жазушылар, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары және т.б.

бейбарыс1   бейбарыс2   бейбарыс4
бейбарыс5   бейбарыс6   бейбарыс3