+7 (727) 267-28-83

22қараша

22 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Жетісу облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласындағы К.Тоқаев атындағы орта мектептің 60 жылдық мерейтойына қатысты. 

Іс-шара Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, ЮНЕСКО қамқорлығымен "Мәдениеттерді жақындастыру"  мемлекеттік  мұражайы РМҚК  филиалының  директоры Ү.Д. Мұңалбаеваның бастамасымен ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқандар:  ғалым, ақын Шөмішбай Сариевтің жұбайы Жұмагүл Сариева, ҚР Ұлттық кітапханасы ғылыми-әдістемелік қызметінің кітапханашысы Аханова Салтанат Зекенқызы, "Қазақстан кітаптары" қызметінің кітапханашысы Ергеш Ернар.

К.Тоқаев атындағы орта мектептің мерейтойына арналған іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының атынан мектеп директоры Испанова Ләззат Сарқытбайқызына мектептің 60 жылдық мерейтойына арналған құттықтау хат табысталды. К.Тоқаев атындағы қордың өкілі Спиридонова Валентина Григорьевна "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгісімен, ал мектеп кітапханашысы Садуақасова Мадина Жұмаділқызы "Кітапхана ісінің үздігі" төсбелгісімен марапатталды. ҚР Ұлттық кітапханасының айырбастау-резервтік қорынан мектеп кітапханасына 25 кітап сыйға тартылды. Іс-шара қонақтары үшін Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылы Шоқан Уәлиханов атындағы және Үштөбе қаласы Кемел Тоқаев атындағы мұражайларға экскурсия жасалды.

22қараша1   22қараша2
22қараша3   22қараша5