+7 (727) 267-28-83

ерт

23 қарашада Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы лингвистикалық колледжде «Азаттықты аңсаған Алаш зиялылары» атты апталық іс-шараның қорытынды кеші өтті.

Шараның мақсаты – XX ғасырдың басындағы қазақ ұлтының бостандығы, елдігі, теңдігі жолында бастарын бәйгеге тіккен Алаш қайраткерлерінің рухына тағзым жасау, өскелең ұрпаққа Алаш қайраткерлерінің шығармашылығын насихаттау болды.

Қорытынды кешке ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Қасымбекова Құттықыз Нұралықызы, Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Біләл Ертай Нұрбекұлы және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ тарих кафедрасының жетекшісі Естаева Венера Амангелдіқызы қатысып, сөз сөйледі.

Шараға қатысқан колледж студенттері Алаш қайраткерлері – Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, Ж. Аймауытұлы сынды тұлғалардың рухты өлеңдерін оқып, патриоттық бағыттағы әндерін шырқады. Ұлы тұлғалардың өмірінен шығармашылық көріністер қойды.

«Алаш зиялылары» атты шараның қорытынды есебінде шараға қатысқан колледж студенттеріне Алғыс хаттар табысталды.

Қатысушылар: Зиялы қауым және БАҚ өкілдері, студенттер мен оқытушылар, кітапхана қызметкерлері.

ерта   ерт1
ерт11   ерта1