+7 (727) 267-28-83

ифла гл2024 жылғы 19 наурызда Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК Өңірлік орталығын басқаратын Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы кезекті онлайн-семинар ұйымдастырып, өткізді. Өңірлік орталыққа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанның ұлттық кітапханалары, сондай-ақ осы елдердің Шығыстану ғылыми-зерттеу институттары кіреді.

Семинарға Шығыс Еуропа бойынша ИФЛА/ПАК Өңірлік орталығын басқаратын М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасы Құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру орталығының мамандары,  сондай-ақ Беларус Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасының Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының қалпына келтіруші мамандары шақырылды.

Семинар бағдарламасында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Әбу Райхан Беруни атындағы Шығыстану институтының өзбек реставраторлар мектебінің маманы - Ходжаева Башорат "Ортаазиялық кітап лак түптеулерін көркемдік безендіру" атты бейнеролик пен ақпаратты ұсынды.

Іс-шара барысында қатысушылар 2024 жылға арналған бірлескен жоспарларды және әлемнің көптеген елдерінде белсенді түрде ілгерілеп келе жатқан БҰҰ тұрақты дамуының ұсынылған 17 мақсаты бойынша жобаларды талқылады.

Қалпына келтіруші-мамандар ұйымдастырушыларға жемісті ынтымақтастық үшін және онлайн-семинарда ортаазиялық түптеулерді ресімдеу бойынша тәжірибемен танысуға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен ризашылықтарын білдірді.

ифла 1   ифла 2   ифла 3