+7 (727) 267-28-83

интуит гл

2024 жылғы 29 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова залында Қанат Тасыбековтің алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген «Жағдаяттық қазақ тілі» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Шараның модераторы - аудармашы, менеджер Индира Серікбай.

Кеште ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Америка Құрама Штаттарының медицина ғалымы, американдық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Профилактикалық медицина академиясының және Ұлттық салауатты тамақтану орталығының президенті Алмаз Шарман Төрегелдіұлы және аудармашы, менеджер Индира Серікбай тұсаукесер рәсімін жасап, «Жағдаяттық қазақ тілі» атты кітапқа кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, блогерлер Крис Блэк, Даниэль және автордың достары, шәкірттері, біршама аудармашылар жылы лебіздерің білдірді.

Шараға оқырмандар, студенттер, аудармашылар және БАҚ өкілдері қатысты.

интуит1   интуит2   интуит3
интуит6   интуит4   интуит5