+7 (727) 267-28-83

30тәуелсіздік

Мерзімді басылымдар қызметінде «Тәуелсіздік ақпарат айдынында» атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

АлибекА

26 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К.Оспанова мен Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысы филиалы, Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ұйымдастырған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Журналистика Академиясының академигі, «Парасат» орденінің, ІІ-дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Асқар Әлібек Асылбайұлының 70 жас мерейтойына арналған «Жазушы болу да тағдырдан» онлайн әдеби конференциясына қатысты.

Толығырақ...  

д

ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан қазақ домбырашысы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған күйлердің аудиотрансляциясы.

Нұрпейісова Дина «Сауыншы» күйі

Орынд. Дина Нұрпейісова

(күйт., Ташкент: Мелодия, 1973)

Толығырақ...  

авганистан

26 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас консулы Паяб Мухаммад Вайс мырза, мәдениет бөлімінің үшінші хатшысы Барин Наджибуллах және аудармашы Сафи Самиулхак келді.

Толығырақ...  

сандарм

26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай облыстарының облыстық, аудандық, ауылдық кітапханаларының мамандары және қор толықтырушыларымен «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер мен сандар» дерекқорының негізгі есебіне 2020 жылы кітапхана қорларына түскен құжаттардың саны, атаулары, тілдері және т.б. бойынша есепке алудың жаңа нысандарын түсіндіру бойынша онлайн-кездесу өткізді.

Толығырақ...  

Россия25 қаңтарда сағат 11:00-де Әлем әдебиеті залында Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінің ҚР Ұлттық кітапханасына жыл сайынғы дәстүрлі кітаптарды сыйға тарту рәсімі өтті.

Толығырақ...  

д

ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар қорынан белгілі қазақ домбырашысы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына «Қазақстанға 30 жыл» күйінің аудиотрансляциясы.⠀

Нұрпейісова Дина «Қазақстанға 30 жыл» күйі

Орынд. Дина Нұрпейісова (күйт., Ташкент: Мелодия, 1973)

Толығырақ...  

директора

22 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова әр жылдары кітапхана басшысы қызметін атқарған Исахов Орынбасар Исахұлын және Балабекова Гулиса Кабаровнаны, сондай-ақ, кітапхананың дамуына үлес қосып, қолдау көрсетіп жүрген бірқатар төмендегі азаматтарды «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына 110 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапаттады:

Толығырақ...