+7 (727) 267-28-83

симашко

«Қазақстан кітаптары» қызметінің О. Жандосов атындағы  оқу залында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург және аудармашы Морис Давидович Симашконың 100 жылдығына орай «Проза жанрының суреткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  

Толығырақ...  

клуб гл2024 жылғы 1 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында QAZAQ CLUB Алматы филиалының төрағасы Қонай Садықұлының Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға арналған Қазақ күнтізбесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Толығырақ...  

фараби гл

2024 жылғы 1 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында жазушы, журналист Болатбек Төлепбергеннің 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы журналистика және баспа ісі: дәстүр және жаңашылдық» халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясы аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған  көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

1наурыз

О. Жандосов атындағы оқу залында «Қазақстан кітаптары» қызметі 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – ардың ісі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Толығырақ...  

затаевич

Өнер бөлімінің оқу залында композитор, ғалым-этнограф, фольклоршы, қазақ музыка мәдениетінің негізін қалаушы, түрлі халықтардың дәстүрлі музыка үлгілерін зерттеуші және жинақтаушы, Қазақ КСР-ның тұңғыш халық әртісі Александр Викторович Затаевичтің 155 жылдығына арналған «Халық мұрасын зерттеуші» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

кобо абэ

Әлем әдебиеті залында көрнекті жапон жазушысы, драматург, сценарист, соғыстан кейінгі жапон авангардизмнің жетекшілерінің бірі Кобо Абэнің туғанына 100 жыл толуына орай «ХХ ғасырдың жапон классигі – Кобо Абэ» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

награда гл28 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында еліміздің дамуы жолында үлкен үлес қосып, түрлі салаларда жемісті қызмет атқарып, ұлт жанашырына айналған бірқатар жандарға Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» және «Батыр шапағаты» төсбелгісін табыстау рәсімі өтті.

Толығырақ...  

невада гл2024 жылғы 28 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 35 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

Толығырақ...