TELEPHONE FOR INFORMATION: +7 (727) 267-28-83

25.04.2024

Title:
25 сәуір, сағат 16:00-де «Балалар мен жасөспірім гинекологиялық мәселелер» анықтамалығының тұсаукесері өтеді
Date:
25.04.2024
Location:

Description

2024 жылғы 25 сәуір, сағат 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында тұңғыш отандық басылым «Балалар мен жасөспірім гинекологиялық мәселелер» анықтамалығының тұсаукесері өтеді. Практикалық нұсқаулық медицина мамандарына, жас дәрігерлерге, сондай-ақ, жоғары курс студенттеріне арналған. Басылымның өзектілігі – қазіргі заманғы халықаралық және отандық деректер негізінде жастардағы мүмкін болатын гинекологиялық проблемаларды диагностикалау және емдеу бойынша нақты нұсқаулар берілгенінде.

Анықтаманың авторы, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан-Ресей медицина университетінің аға оқытушысы, Еуропалық және Дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер гинекологтары қауымдастығының мүшесі Әлімбаева Гуля Назарқызы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары көп жылдық тәжірибесімен бөліседі.

Болашақ ана болу мәселелерін алдын алудың маңызды аспектісі – қиындықтардың ерте белгілерін білу және сау жетілу. Кездесуге қатысушылар кітап авторларына өз сауалдарын қоя алады.

Қатысушылар: дәрігерлер, медицинаның түрлі сала мамандары, қоғам қайраткерлері, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға мүдделі барлық адамдар.

Кітап шоу - 2024