+7 (727) 267-28-83

әлібек гл15 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Р. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында «Qazaq Book Fair» кітап көрме-жәрмеңкесі аясында қазақ жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқарұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Толығырақ...  

кемелақ

Өнер бөлімінің оқу залында ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан археология ғылымының негізін қалаушы Кемел Ақышевтың 100 жылдығына арналған «Қазақ археологиясы ғылымының атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

14гл2024 жылғы 14 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалымдар, филология ғылымдарының докторы, профессор Мархабат Томановтың «Ғибратты ғұмыр» сериясымен жарық көрген кітабы мен филология ғылымдарының докторы, профессор Зәуреш Ахметжанованың «Сопоставительное языкознание: казахский и русский языки», «Газетный текст: экспрессивный синтаксис казахского и английского языков» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...  

225 гл2024 жылғы 14 мамырда Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Тұяқова Салима Тоқтасынқызы және топ жетекшісі Аширова Фарида Гайдаровна Алматы қаласы Білім басқармасының «№46 гимназия» КММ-де өткен А.С.Пушкиннің туғанына 225 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты.

Толығырақ...  

Герои

2024 жылғы 10 мамырда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Кеңес Одағының Батырлары - Әлия Молдағұлова, Сағадат Нұрмағамбетов, Халық батыры Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына және Иван Бабиннің 125 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық батырлар» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Толығырақ...  

Кошкарбаев

Мерзімді басылымдар оқу  залында офицер, Ұлы Отан соғысына қатысушы, публицист, Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты көрме ұйымдастырылды.

Толығырақ...  

коре гл

2024 жылғы 10 мамырда Н.Дәулетова атындағы залда 1938-2021 жылдардағы «Корё ильбо» газетінің электронды нұсқасын сыйға тарту рәсімі өтті.

Толығырақ...  

9мамыр глҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері кітапхананың құрметті ардагері, тыл еңбеккері Мендиярова Райхан Марденқызына 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні қарсаңында арнайы барып, сыйлықтар табыс етіп, құттықтап қайтты.

Толығырақ...