+7 (727) 267-28-83

photo59216112255218262302019 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Тұңғыш төрағасы, отандық парламентаризмнің негізін қалаушы, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың 70 жылдық мерей жасына орай шығарылған «МАРАТ ОСПАНОВ. От А до А» альбом-кітабының тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор – экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Тұран» университетінің ректоры, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Алшанов Рахман Алшанұлына берді.

Тұсаукесер барысында Марат Оспановтың өмірі мен қызметіне арналған «Кодекс жизни Марата Оспанова» қысқаметражды деректі фильмі көрсетілді.

«МАРАТ ОСПАНОВ. От А до А» альбом-кітабының лентасын    ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы мен ұлы Оспанов Арсен Маратұлы кесті.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, «М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» РМК кафедрасының жетекшісі Тайжанов Алтай Тайжанұлы, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы, әділет генерал-майоры, Марат Оспанов атындағы қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Қайдаров Рүстем Есімханұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты, Қаржы және бюджет комиссиясының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Қарағұсова Гүлжан Жанпейісқызы, Марат Оспанов атындағы қоғамдық қордың төрайымы Оспанова Бақыт Ахметқалиқызы және тағы басқалар Марат Оспанов туралы естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, Ұлттық кітапхана қорынан Марат Оспановқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

photo5921523470750034329   photo5921669302069602845   photo5921437193446992467
photo5921288192441559552   photo5921182312907778583   photo5921139577983183207

 

Сайтта

Қазір сайтта 179 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.