+7 (727) 267-28-83

DSC 01362020 жылдың 28 ақпанында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстандық Кітапханалық Одақ  Кеңесінің  жұмыс отырысы өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы «Қазақстандағы кітапхана ісінің жағдайы» туралы баяндамамен  ашты. Кеңес отырысына ҚКО қызметі  бағыттарының 11 секция жетекшілері мен облыстық әмбебап, арнайы және жоғары оқу орындары кітапханаларының  басшылары қатысты.

Кездесуде аймақтық, оқу орындарының, арнайы, балалар-жасөспірімдер кітапханаларының өзекті тұстары мен жұмыс жоспарлары, кітапхана кадрларын даярлау және қайта даярлау орталығын құру, ресейлік мәліметтер базасына жазылу талқыланды. "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісінің үлгісін бекіту талқыланды. КБС бухгалтері Л.О. Нұрғожаева КБС мүшелік жарналарын мақсатты пайдалану туралы есеп берді.

Сонымен қатар, Қазақстандық Кітапханалық Одақ отырысына ҚР кинематографистер одағының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңесінің мүшесі, белгілі кинорежиссер Ермек Тұрсынов қатысып, Қазақстан кітапханаларының өзекті мәселелерімен танысты.

Кеңес барысында ҚКО жұмысын жандандыру үшін екі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Топтың құрамын өңірлік кітапхана басшыларынан сайлау ұсынылды. Отырыс қатысушыларына ҚР Ұлттық кітапханасының айырбас қорынан кітаптар мен БҰҰ тілдеріне мемлекеттік бағдарлама бойынша аударылған кітаптар табыс етілді.

DSC 0019 1   DSC 0027
DSC 0044 1   DSC 0113 1

 

Сайтта

Қазір сайтта 207 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.