+7 (727) 267-28-83

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының басылымдары. 1934-2011: 2 бөлімді библиографиялық көрсеткіш /құраст. А.Т.Байбосынова; ред.: Г.А.Марасулова, Ф.У.Сыдықжанова; бас ред. Г.Қ.Балабекова.- Алматы, 2011.- 292 б.

Ретроспективті библиографиялық көрсеткіш Ұлттық кітапхананың кітап қоры мен анықтама-библиографиялық аппараттың негізінде құрастырылды. Библиографиялық көрсеткіш кітапхана ісін зерттеушілерге, мәдениеттанушылар мен кітапхана ісі мамандарына арналған. 

 

Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977): библиографиялық көрсеткіш (төрт кітаптан тұрады) / ҚР Ұлттық кітапханасы; құрастырған М.К.Әбілова; редакторлары: Ғ.Тәшімбай, А.К.Рахимова; алғы сөзін жазған А.К.Рахимова. - Алматы: «RUAN» ЖСШ баспа компаниясы, 2011.
   1-кітап. - 400 б. 
   2-кітап. - 304 б.

Қазақстанның көркем әдебиеті (1968-1977) библиографиялық көрсеткіші 2008 жылы жарық көрген көрсеткіштің жалғасы болып табылады. Библиографиялык көрсеткішке Қазақстан жазушыларының 1968-1977 жылдар аралығында қазақ тілінде жарияланған шығармалары, олардың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, әдеби жинақтар және әдебиеттану мәселелері жөніндегі еңбектер енгізілді. Библиографиялық көрсеткіш әдебиеттанушыларға, кәсіби мамандарға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сондайақ көпшілік оқырман қауымға арналған.