+7 (727) 267-28-83

булкаговӘлем әдебиеті оқу залында орыс жазушысы және драматургы Михаил Булгаковтың 130 жылдығына арналған «Мистикалық сөз шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Михаил Булгаков – ең танымал орыс жазушылары мен драматургтерінің бірі. Оның қаламына тек романдар, повестер, әңгімелер, пьесалар ғана емес, сонымен қатар көптеген фельетондар, кино сценарийлері, либретто тиесілі.           

1891 жылы 15 мамырда Киевте доцент, Киев академиясының профессоры отбасында дүниеге келді. Оның  отбасында өзінен басқа алты бала болды. Михаил Киев гимназиясын бітіргеннен кейін, отбасылық дәстүрлерін жалғастыра отырып, Киев университетінің медицина факультетіне оқуға түсті. Кейінірек ол өзінің отбасындағы өмір салты туралы «Белая Гвардия» (1923 ж.) және «Дни Турбиных» (1925 ж.) романдарында, ал студенттік жылдар туралы «Записки юного врача» (1925 ж.) әңгімелер циклінде жазады.

Бірінші дүниежүзілік және Азамат соғыстары кезінде ол майдан дәрігері болып жұмыс істеді. 1921 жылы ол Мәскеуге көшіп, онда кейбір елордалық газеттер мен журналдарда фельетонист болып жұмыс жасады. 1923 жылы Жазушылар одағына қабылданды. 1926 жылы Мәскеу көркем академиялық театрында Сталинге ұнайтын «Дни Турбиных» пьесасы сәтті қойылды. Сол жылы Вахтангова атындағы театрда үлкен жетістікке жеткен «Зойкина квартира» пьесасының премьерасы өтті. Осыған қарамастан, жазушының шығармашылығы кеңестік баспасөздің өткір сынына ұшырады. Сол жылдары Булгаков әйгілі «Мастер и Маргарита» романын жазуды жоспарлады.

1930 жылға қарай көптеген пьесалар басып шығаруды және сахнаға қоюды тоқтатты. Ол қиын қаржылық жағдайға тап болған кезде Сталинге жүгінді. Көп ұзамай ол Орталық жұмысшы жастар театрына режиссер ретінде қабылданды. Ал 1932 жылы Мәскеу көркем академиялық театрында ол Гогольдің «Мертвые души» шығармасы бойынша спектакльді сәтті сахналады. Мәскеу Көркем академиялық театрының сахнасында ол актер ретінде де өнер көрсетті. Ол театрдағы жұмыс тәжірибесін кейінірек «Записки покойника» немесе «Театральный роман» шығармасында баяндады. 1939 жылы жазушы Иосиф Сталин туралы «Батум» пьесасында, сондай-ақ «Рашель» либреттосымен жұмыс жасады. Кейін ол әйелімен, әріптестерімен бірге Грузияға сапар шегеді, содан кейін оның денсаулығы күрт нашарлап, көру қабілетін жоғалта бастайды. Сол кезеңде жазушы әйелі Е.С. Шиловскаяға «Мастер и Маргарита» романының соңғы нұсқасын жазғыза бастады. «Мастер и Маргарита» романы 1966-1967 жж. алғаш рет журналда жарияланды. 1969 жылы Германияда кітап көптеген қысқартулармен басылып шықты, ал жазушының туған жерінде романның толық мәтіні тек 1973 жылы, яғни жазушы қайтыс болғаннан кейін, 26 жыл өткен соң жарық көрді және ол Булгаковты әлемге танытты.

Михаил Булгаков 1940 жылы 10 наурызда 48 жасында қайтыс болды, Мәскеудегі Новодевичий зиратында жерленді.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесіне М.Булгаковтың кітаптары мен ол туралы әлем халықтарының түрлі тілдеріндегі әдебиеттер қойылды.

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.