+7 (727) 267-28-83

1июнь1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай және 2021 жыл - «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» болып жариялануына орай С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өткізілген «Көркем әдебиет арқылы балаларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу» атты конференцияға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова, бас бухгалтер Д. Казкенова, Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Ф. Бектұрбекова қатысты.

 

Шара аясында Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген «Құлыншақ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Құрастырушылары әдебиеттанушы-ғалымдар Ұшқын Сәйдірахманұлы мен Заңғар Кәрімханның балаларға арналған «Құлыншақ» 2 томдық антологиясында жиырма бес ақын-жазушылардың тақпақ, өлең, жұмбақтар жиынтығы қамтылған.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Б.Қ. қатысушыларды іс-шараның ашылуымен құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Іс-шараны модератор - Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Көлбаев Марлен Қапашұлы жүргізді.

Тұсаукесер рәсімінде балалар жазушысы, философия ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш, әдебиеттанушы-ғалым Заңғар Кәрімхан, жазушы, «Janr» әдеби клубының жетекшісі Есболат Айдобос, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Әлібек Байбол және тағы басқалар қазіргі таңдағы балалар әдебиетінің мәселелеріне тоқталып, өз ойларын ортаға салды.

1июнь1   1июнь2
1июнь3   1июнь4

 

Сайтта

Қазір сайтта 197 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.