+7 (727) 267-28-83

ЮНЕСКО

Әлем әдебиеті оқу залында халықаралық ұйымның мерейтойына арналған «ЮНЕСКО − 75 жыл білім, ғылым және мәдениет қызметінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Әлем әдебиеті оқу залында халықаралық ұйымның мерейтойына арналған «ЮНЕСКО − 75 жыл білім, ғылым және мәдениет қызметінде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ЮНЕСКО  қашанда адамзаттың бейбіт дамуы, ең алдымен оның зияткерлік, рухани және адамгершілік ынтымақтастығына негізделуі керек дегенге сүйенеді. ЮНЕСКО өзінің қызмет жылдарында орнықты халықаралық қатынастар жүйесінің гуманитарлық іргетасы білім, ғылым және мәдениет саласындағы халықтардың ынтымақтастығын кеңейту арқылы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөніндегі бірегей көпжақты форум ретінде құру, жалпыға бірдей құрмет, әділеттілік, заңдылық, негізгі бостандықтар мен адам құқықтарын қамтамасыз ету мүддесінде берік орнады. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, оның штаб-пәтері Парижде, Францияда орналасқан. Қазіргі уақытта ұйымда 193 мүше мемлекет, 2 бақылаушы мемлекет бар.

ЮНЕСКО-ның барлық стратегиялары, бағдарламалары мен іс-шараларының негізінде халықаралық қоғамдастықтың 2015 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Орнықты даму саласындағы Күн тәртібінде айқындалған «Орнықты даму мақсаттары» (ТДМ) нақты міндеттері жатыр.

1992 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ға кіруі барлық деңгейдегі гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуына сапалы жаңа серпін берді, түрлі мәдени алмасулардың кеңеюіне ықпал етті. 1999 жылдың 16 шілдесінде Қазақстанның астанасы Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Астаналар мен ірі қалалардың  халықаралық  ассамблеясының  мүшесі болып табылды.

1975 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы Конвенциясы күшіне енді. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізімінде Қазақстанның мәдени және табиғи мұра бойынша бес нысаны бар: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы археологиялық ландшафтының, петроглифтері, Сарыарқа − Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері, Батыс Тянь-Шань және Чанъань-Тянь-Шань дәлізіндегі Ұлы Жібек жолының нысандары.

Тақырыптық көрме мынадай бөлімдерден тұрады: ЮНЕСКО-ның құрылу тарихы; ЮНЕСКО қызметінің негізгі бағыттары;  Қазақстан және ЮНЕСКО.

ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан кітап көрмесінде халықаралық ұйымның жұмысын ашып көрсететін құжаттар, орыс, ағылшын және әлемнің басқа да тілдеріндегі түрлі жылдардағы кітаптар ұсынылды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 227 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.