+7 (727) 267-28-83

Әдебиет академиясы

8 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Әдебиет академиясы залының салтанатты ашылуы өтті.

Әдебиет академиясы залының ашылу мақсаты – жас ақындардың, прозашылардың өзін-өзі тануына, поэтикалық және прозалық жанрларды насихаттау үшін жағдай жасау. Әдеби қабілеттерін, көркем проза жазу мен өлең жазудың бастапқы дағдыларын дамыту, әдебиет саласындағы ой-өрістерін кеңейту.

Іс-шараны белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан  жүргізді.

Алғашқы сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашып, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р.Райымқұлованың құттықтау сөзін оқыды.    

Сөз сөйлеген қонақтар: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әлиев Данияр Абзалиденұлы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бақыт Беделхан, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері Кәсіптік одағының төрайымы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы, журналист, ақын, «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы, «Damu Business Group» қауымдастығының Басқарма төрағасы  Болатбек Дәлелханұлы.

Лента кесу рәсіміне: Бақыт Беделхан, Данияр Әлиев, Бақыт Жағыпарұлы, Светлана Иманқұлова, Аян Нысаналин, Ахметжан Ашири, Ғарифолла  Әнес, Әділғазы Қайырбеков қатысты.

Залдың салтанатты ашылуы аясында Алматы қаласы жас ақындарының және шығармашыл жастарының өлеңдері, қазақ әдебиеті классиктерінің афоризмдері оқылды, кітап көрмесімен танысу ұсынылды.

Іс-шараға белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, ақын-жазушылар, шығармашыл жастар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.

ӘА1   ӘА4   ӘА   ӘА3
әа2   ӘА6   ӘА5   ӘА8
ӘА7   ӘА9   ӘА10   ӘА11

 

Сайтта

Қазір сайтта 392 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.