Бөлім жетекшісі:
Әбенова Жазира Амангелдіқызы
Байланыс тел.: +7-727-272-57-09
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бөлім туралы мәлімет:
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен Қазақстанда барлық ғылым саласы бойынша қорғалған кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі болып бекітілген, яғни диссертациялардың міндетті данасын алады. Диссертациялар қолжазба құқығында сақталады және Қазақстанның ғылыми мұрасы ретінде ерекше қорғалатын құжаттар қатарына жатады. Қордағы диссертациялар түпнұсқа және микрофиша түрінде сақталады.
Сонымен қатар қор Қазақстан және ТМД елдері ғалымдарының докторлық, кандидаттық диссертацияларының авторефераттарымен (МАГАТ келісім-шарты бойынша) толықтырылып отырады.
Диссертациялар оқырмандарға ғылыми мекеменің ресми бланкісіне жазылып, мекеме басшысының қолы қойылған қатынас хат негізінде беріледі. Хатта ғылыми жұмыстың тақырыбы көрсетіледі.
Диссертация бөлiмiнде Ресей мемлекеттiк кiтапханасынын диссертациялык виртуалды оқырман залын on-line желiciнде қолдануға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы мен Ресей мемлекеттік кітапханасының арасында 25.01.2013 ж. жасалған № 095/04/0049 Келісім шартының б.5 п.5.2 пп. 5.2.5. негізінде «Шартқа сәйкес пайдалануға берілген шығармалар мен олардың бөлімдерінің сандық және баспа түріндегі көшірмелерін жасауға рұқсат берілмейді», яғни диссертацияларды қағазға басып шығару мүмкіндігі қарастырылмаған.
Бүгінгі таңда РМК Диссертациялық электронды кітапханасында ғылымның барлық салалары бойынша Ресей мен шетелдерде қорғалған 836 206-ға жуық диссертациялар мен авторефераттардың толық мәтіні жинақталған.
Негізгі қызметтері:
- дәстүрлі және электронды тасымалдағыштардағы диссертациялар қорын қалыптастыру;
- оқырмандарға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету;
- ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі жаңа кітаптар мен журналдардың тұрақты көрмесін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің, Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестациялық комиссиясының Бюллетендері мен ҚР Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығының және РФ Федералды Мемлекеттік біртұтас кәсіпорны «Ақпараттық технологиялар және атқарушы билік органдары жүйесі орталығының» «Сборник рефератов НИР и ОКР» анықтамалық қорын қалыптастыру;
- микрофиштегі диссертациялардың библиографиялық картотекасын электрондық пішінге көшіру;
- диссертациялардың дәстүрлі алфавиттік, жүйелік каталогтарын қазақ және орыс тілдерінде жүргізу;
- авторефераттардың «Жаңа түсімдер» картотекасын жүргізу;
- дерекқорлар және басқа да ресурстар бойынша қызмет көрсету (микрофиштерді оқуға арналған құрылғылармен қамтамасыз ету, диссертациялар мен авторефераттардан көшірме жасау, басып шығару).