Қызмет жетекшісі:
Бексеитова Тұрсынкүл Бейсенқызы
Байланыс тел.: +7-727-267-28-49
e-mail: rЭтот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Негізгі бағыттары:
«ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелеріне» сәйкес кітапханаға оқырмандардың жазылу және қайта тіркелу жұмыстарын ұйымдастыру;
оқырмандардың кітапхананың жұмыс кестесіне сәйкес кіруін және шығуын бақылауды жүзеге асыру.
Негізгі міндеттері:
оқырмандарды «ҚР Ұлттық кітапханасын пайдалану Ережелерімен» таныстыру;
оқырмандарға бақылау және есепке алу пунктінде бақылау парақтарын беру және шығар кезде әдебиеттердің өткізілгендігін тексеру;
кітапхана оқырмандарының сапалық құрамы жағынан білімі, атқаратын қызметі, жас ерекшелігі және жынысы бойынша саралау;
«ҚР Ұлттық кітапханасының оқырмандары» дерекқорының электрондық және жазбаша (карточкалы) каталогын жүргізу;
Ұлттық кітапханаға рұқсат етілмеген кіру жағдайларын бақылауды Күзет және өрт тобымен үйлестіре атқару;
кітапханаға бірінші рет тіркелген оқырмандарды ҚР Ұлттық кітапханасының ресурстары мен атқаратын қызметтерімен таныстыру;
оқырмандардға қажетті әдебиеттер мен қызметтердің орналасуы туралы толық жан-жақты ақпарат беру;
телефон арқылы ауызша анықтамалар және кеңестер беру.
Құрылымы:
оқырмандарды тіркеу орны;
бақылау және есепке алу пункті.