+7 (727) 267-28-83

РБ

Бағланова Роза Тәжібайқызы (1922-2011): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Багланова Роза Тажибаевна (1922-2011): рекомендательный библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ;  ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева;  құраст.: Б.С. Балғымбаева, Ж.С. Нұрымбаева. – Алматы, 2022. – 113 б. – Қазақ, орыс тілдерінде. – («Қазақстан өнері» сериясы).

Кеңестік, қазақ опера және эстрада әншісі Роза Тәжібайқызы Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қазақстан өнері» биобиблиографиялық сериясы аясында ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш дайындады. Әншінің мерейтойы 2022 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойланады.

Көрсеткішке 1948 жылдан 2022 жылдың қаңтар айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген басылымдар қамтылды.

Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттер мен өнерсүйер қауымға, халық артисінің өмірі және өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін жалпы оқырман қауымға арналған. 

Бағланова Роза Тажібайқызы (1922-2011): ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Багланова Роза Тажибаевна (1922-2011): рекомендательный библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы;  ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева;  құраст.: Б.С. Балғымбаева, Ж.С. Нұрымбаева. – Алматы, 2022. – 113 б. – Қазақ, орыс тілдерінде. – («Қазақстан өнері» сериясы).

К 100-летию со дня рождения советской, казахской оперной и эстрадной певицы Баглановой Розы Тажибаевны Национальная библиотека Республики Казахстан подготовила рекомендательный библиографический указатель биобиблиографической серии «Искусство Казахстана». Юбилей артистки отмечается в в рамках ЮНЕСКО в 2022 году.

Представленные в данном указателе материалы охватывают период с 1949 по январь 2022 года.

Рекомендательный библиографический указатель адресован работникам науки и культуры, студентам и широкому кругу читателей, интересующихся жизнью и творчеством народной артистки.

СФУдарцев Сергей Федорович : биобиблиографиялық  көрсеткіш =  Ударцев Сергей Федорович : биобиблиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ;  ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева, Ш.В. Тлепина;  алғы сөзін жазған Ш.В. Тлепина ; құраст.: Ш.В. Тлепина, Ж.С. Усербаева; қазақ тіл. ауд.: Ш.В. Тлепина, Ж.З. Зукай; ағыл. тіл. ауд.: Қ.Ә. Нүсіпова, Д.М. Каматова, С.Қ. Тілепин. – Алматы, 2022. – 391 б. – Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Ұсынылып отырған биобиблиографиялық көрсеткіш қазақстандық көрнекті ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі, Еуропа құқығы академиясының толық мүшесі, заңгер, педагог, жоғары біліктілік сыныбына ие судья, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі заң білімін ұйымдастырушы Сергей Федорович Ударцевке арналған.

Көрсеткішке 1971 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі хронологиялық ауқымы қамтылған жарияланымдар кіреді (алғашқы жарияланым 1971 жылы жарық көрген), кейбір еңбектері de isu тәртібімен қаралған.

Бұл көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, докторанаттар мен магистранттарға, студенттерге және құқық, мемлекет теориясы мен тарихы, құқықтық және саяси ой тарихы, конституциялық құқық, заң ғылымының тарихы мен С.Ф. Ударцевтің ғылыми-зерттеу қызметінде қаралған мәселелерге қызығушылық танытатындардың барлығына арналған.

Ударцев Сергей Федорович : биобиблиографиялық  көрсеткіш =  Ударцев Сергей Федорович : биобиблиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы;  ред.:  Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева, Ш.В. Тлепина ;  алғы сөзін жазған Ш.В. Тлепина; құраст.: Ш.В. Тлепина, Ж.С. Усербаева ; қазақ тіл. ауд.: Ш.В. Тлепина, Ж.З. Зукай ; ағыл. тіл. ауд.: Қ.Ә. Нүсіпова, Д.М. Каматова, С.Қ. Тілепин. – Алматы, 2022. – 391 б. – Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде.

Предлагаемый биобиблиографический указатель посвящен видному казахстанскому ученому, доктору юридических наук, профессору, академику Академии социальных наук, академику юридических наук Республики Казахстан, Действительному члену Академии европейского права, юристу, педагогу, судье высшего квалификационного класса, организатору высшего и послевузовского юридического образования Сергею Федоровичу Ударцеву.

В указатель включены публикации с хронологическим охватом с 1971 г. (первая публикация датирована 1971 годом) по настоящее время, часть трудов просмотрена de isi.  

Данный указатель предназначен научным работникам, преподавателям, докторантам и магистрантам, студентам и тем, кто интересуется вопросами теории и истории права и государства, истории правовой и политической мысли, конституционного права, истории юридической науки и научно-исследовательской деятельности С.Ф. Ударцева.

ТқазТәуелсіздік жылдарындағы балалар әдебиеті (1991-2022) :  ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш : II бөлімнен  тұрады. I бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы ; алғы сөзін жазған Н.Б. Ақыш ; ред. Б.Қ. Оспанова ; құраст. М.С. Мырзатаева. – Алматы, 2022. – 363 б.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, азаматтарды өскелең ұрпақ-тың бақыты мен дамуына қамқорлық жасауға шақырды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша 2021 жыл «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылы» болып жарияланды және оқырмандарды кітапханаларға тарту және елде оқуды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер оқуын қолдау жылына» және «Балалар жылына» орайластырылған «Тәуелсіздік жылдарындағы балалар әдебиеті» (1991-2022) ұсыныстық библиографиялық көрсеткішін дайындады.

Көрсеткіш 1991 жылдан 2022 жылдың мамыр айына дейінгі кезеңді қамтиды. Көрсеткіш екі бөлімнен тұрады: бірінші бөліміне қазақ, екінші бөліміне орыс тілдеріндегі әдебиеттер жинақталды. Қазақ тіліндегі бөлім он бір айдардан тұрады.

Көрсеткішті құрастыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қоры, «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар»,  «Диссертациялар» дерекқорлары және анықтама-библиографиялық аппараты, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары: баспа шежіресі, мақалалар мен рецензиялар шежіресі, газет, журнал мақалаларының шежіресі, интернет ресурстары қолданылды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер, басылым аттарының деректерімен жабдықталған.

Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш әдебиетшілерге, ұстаздарға, пән мамандарына, магистранттарға, докторант-тарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

ДорысДетская литература за годы независимости (1991-2022) : рекомендательный библиографический указатель : в II частях. Часть ІІ / Национальная библиотека РК ; предисловие Н.Б. Акыш ; ред. Н.А. Искалиева ; сост. А.А. Рахимова. – Алматы, 2022. – 121 С.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев объявил  2022 год «Годом детей», призвав граждан к заботе о благополучии и развитии подрастающего поколения. По инициативе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан 2021 год был объявлен «Годом поддержки детского и юношеского чтения в Казахстане», в рамках которого был утвержден план мероприятий по привлечению читателей в библиотеки и пропаганде чтения в стране. В связи с этим, Национальная библиотека Республики Казахстан подготовила рекомендательный библиографический указатель «Детская литература за годы независимости»  (1991-2022), приурочен-ный к «Году поддержки детского и юношеского чтения в Казахстане» и «Году детей».

Представленные в указателе материалы  охватывают период с 1991 г. по май 2022 года. Указатель состоит из двух частей: первая часть содержит литературу на казахском языке, а вторая часть — на русском языке. Вторая часть состоит из тринадцати разделов.

При составлении библиографического указателя исполь-зован книжный фонд, базы данных «Казахстан: прошлое и настоящее», «Авторефераты», «Диссертации» и справочно-библиографический аппарат Национальной библиотеки Рес-публики Казахстан, издания Национальной государственной книжной палаты РК: летопись печати, летописи статей и рецензий, летописи журнальных и газетных статей, а также интернет ресурсы.

Пособие имеет вспомогательные указатели: именной и заглавий источников.

Рекомендательный библиографический указатель адресо-ван литераторам, преподавателям, профильным специалистам, магистрантам, докторантам, студентам и широкому кругу читателей.

2023кҚазақстан Республикасының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знамена-тельных и памятных дат Республики Казахстан на 2023 год   / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева, Б.Ж. Жүнісбеков ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Р.М. Әбішева. – Алматы,  2022. –  221 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

«Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» 1966 жылдан бастап жыл сайын  қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтой-лары, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген.

Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде, негізінен, соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген.

Атаулы күндер «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес ереже бойынша алынды.

Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқара-лық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқыр-мандарға арналады.

Күнтізбені «Евразия-пресс», «Эврика-пресс» каталогтары бойынша жаздырып алуға болады.

Қазақстан Республикасының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь знамена-тельных и памятных дат Республики Казахстан на 2023 год   / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева, Б.Ж. Жүнісбеков ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Р.М. Әбішева. – Алматы,  2022. –  221 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Служба национальной библиографии Национальной библиотеки Республики Казахстан ежегодно, начиная с 1966 года, выпускает «Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан...» на казахском и русском языках.

В календарь включены юбилеи общенародных культур-ных событий республики, отдельных учреждений, организа-ций и видных деятелей науки и искусства, юбилеи казах-станцев – Героев Советского Союза, праздничные дни, профес-сиональные праздники Республики Казахстан.

Календарь систематизирован по месяцам. Отдельно сгруп-пирован «Список деятелей и учреждений, исторических собы-тий, день и месяц рождения (дата), которых не установлены». К юбилейным датам, отмеченных звездочкой (*), прилагается краткая справка и список литературы. В списках литературы рекомендуется, в основном, новая литература, включающая книги, статьи из республиканской печати.

Отбор юбилейных событий не претендует на полноту. По Постановлению  Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года № 1465 «О праздновании юбилеев и памятных дат» отбираются «круглые даты».

В конце издания помещен алфавитный указатель лиц, отмеченных в календаре.

Данный календарь окажет помощь работникам библиотек, музеев, архивов и других учреждений при проведении мас-совых мероприятий, организации книжных выставок, в попол-нении краеведческих картотек, выполнении библиографичес-ких справок и т.д.

«Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан...» можно приобрести в Национальной библиотеке РК  или подписаться по каталогам «Евразия-пресс» и «Эврика-Пресс».­