+7 (727) 267-28-83

мұратәуезов

Мұрат Әуез : библиографиялық көрсеткіш = Мурат Ауэз : библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: Э.Т. Молдақұлова, М.М. Сағатбекова, А.А. Рахимова. – Алматы, 2023. – 358 б. – Қазақ, орыс, шет тілдерінде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, жазушы-публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистика академиясының академигі Мұрат Мұхтарұлы Әуездің 80 жасқа толуына орай «Мұрат Әуез» атты библиографиялық көрсеткішті дайындады.

Көрсеткіштегі ақпараттар 1973 жылдан 2023 жылдың қазан айына дейінгі баспа бетінде жарық көрген кітаптардың, жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер мен мақалалардың, және оның қатысуымен шыққан басылымдарды қамтиды.

Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қоры, «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар», «Диссертациялар» дерекқорлары және анықтама-библиографиялық аппараты, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары: баспасөз, кітап, мақалалар мен рецензиялар, газет, журнал мақалаларының шежірелері қолданылды.

Басылым көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдар атауларының көрсеткіштерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, мәдениеттанушыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерге және жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.

Национальная библиотека Республики Казахстан подготовила библиографический указатель «Мурат Ауэз», посвященный 80-летию государственного и общественного деятеля, ученого-культуролога, писателя-публициста, заслуженного деятеля Казахстана, академика Академии журналистики РК Мурата Мухтаровича Ауэза.

Представленные в указателе материалы охватывают период с 1964 по октябрь 2023 года, и включает книги, сборники, статьи и публикации, опубликованные на страницах периодической печати, а также издания, вышедшие с его участием.

При составлении библиографического указателя использованы: книжный фонд, базы данных «Казахстан: прошлое и настоящее», «Авторефераты», «Диссертации» и справочно-библиографический аппарат Национальной библиотеки РК, издания Национальной государственной книжной палаты РК: летописи печати, летописи статей и рецензий, летопись газетных, журнальных статей.

Пособие имеет вспомогательные указатели: именной указатель и указатель заглавий источников.

Библиографический указатель предназначен научным работникам, литераторам, культурологам, преподавателям и студентам высших учебных заведений и широкому кругу читателей.

қазақстан өнеріҚожықов Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы (1923–1988) : ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш = Ходжиков Султан-Ахмет Ходжаевич (1923–1988) : рекомендательный библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Р.М. Абишева. – Алматы, 2023. – 125 б. – Қазақ, орыс тілдерінде. – («Қазақстан өнері» сериясы). 

Кеңестік қазақ режиссері, сценарист, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО-ның І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен медальдарының иегері Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы Қожықовтың туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қазақстан өнері» биобиблиографиялық сериясы аясында «Қожықов Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлы (1923–1988)» атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткішті дайындады.

Көрсеткіштегі ақпараттар 1965 жылдан 2023 жылдың қазан айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ, орыс тілдеріндегі кітап ішіндегі және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларды қамтиды.

Ұсыныстық библиографиялық көрсеткіш ғылым және мәдениет қызметкерлеріне, студенттер мен өнерсүйер қауымға, көрнекті режиссердің өмірі мен және өнер жолымен жақынырақ танысқысы келетін көпшілік қауымға арналған.

Национальная библиотека Республики Казахстан подготовила рекомендательный библиографический указатель биобиблиографической серии «Искусство Казахстана» «Ходжиков Султан-Ахмет Ходжаевич (1923–1988)», посвященный 100-летию Султан-Ахмета Ходжикова, советского казахского режиссера, сценариста, заслуженного деятеля искусств Казахской ССР, лауреата Государственной премии Казахской ССР, участника Великой Отечественной войны, кавалера орденов СССР «Отечественной войны» I степени, «Красной Звезды».

Данный указатель включает список книг, сборников и статей на казахском и русском языках, опубликованных на страницах периодической печати в период с  1942 по октябрь 2023 года.

Рекомендательный библиографический указатель предназначен работникам науки и культуры, студентам и широкому кругу читателей, интересующих жизнью и творчеством известного режиссера.

каленьдарь

Қазақстан Республикасының 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь зна-менательных и памятных дат Республики Казахстан на 2024 год  /  ҚР   Ұлттық  кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева,  Б.Ж. Жүнісбеков ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Р.М.  Әбішева. – Алматы, 2023. – 248 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

«Қазақстан Республикасының аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі» 1966 жылдан бастап жыл сайын  қазақ және орыс тілдерінде шығарылады.

Күнтізбеге жалпыхалықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, республиканың экономикалық және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, халыққа кеңінен танымал қайраткерлердің, ғылым мен өнердің көрнекті қайраткерлерінің мерейтойлары енгізілді. Сонымен қатар қазақстандық Кеңес Одағы Батырларының мерейтойлық күндері, Қазақстан Республикасының ұлттық, мемлекеттік, кәсіптік және өзге де мерекелі күндері берілген.

Күнтізбе жылдың әрбір айы бойынша хронологиялық ретпен жүйеленген. «Туған күні, айы белгісіз қайраткерлер, мекемелер мен тарихи оқиғалар тізімі» жеке топтастырылған. Жұлдызшамен (*) белгіленген күндерге қысқаша анықтама жазылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттер тізімі қоса берілген. Әдебиеттер тізімінде, негізінен, соңғы жылдары жарық көрген кітаптар мен мақалалар ұсынылған. Көмекші құрал ретінде есімдердің көрсеткіші берілген.

Атаулы күндер «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мере-келеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 28 қыркүйектегі № 1465 қаулысына сәйкес ереже бойынша алынды.

Күнтізбе кітапханалар мен мәдени мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне және көпшілік оқырмандарға арналады.

Күнтізбені «Евразия-пресс», «Эврика-пресс» каталог-тары бойынша жаздырып алуға болады.

Қазақстан Республикасының 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер тізбегі = Календарь зна-менательных и памятных дат Республики Казахстан на 2024 год  /  ҚР   Ұлттық  кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева,  Б.Ж. Жүнісбеков ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Р.М.  Әбішева. – Алматы, 2023. – 248 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Служба национальной библиографии Национальной библиотеки Республики Казахстан ежегодно, начиная с 1966 года, выпускает «Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан...» на казахском и русском языках.

В календарь включены юбилеи общенародных куль-турных событий республики, отдельных учреждений, орга-низаций и видных деятелей науки и искусства, юбилеи казахстанцев – Героев Советского Союза, праздничные дни, профессиональные праздники Республики Казахстан.

Календарь систематизирован по месяцам. Отдельно сгруппирован «Список деятелей и учреждений, исторических событий, день и месяц рождения (дата), которых не установлены». К юбилейным датам, отмеченных звездочкой (*), прилагается краткая справка и список литературы. В списках литературы рекомендуется, в основном, новая литература, включающая книги, статьи из республиканской печати.

Отбор юбилейных событий не претендует на полноту. По Постановлению Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года № 1465 «О праздновании юбилеев и памятных дат» отбираются «круглые даты».

В конце издания помещен алфавитный указатель лиц, отмеченных в календаре.

Данный календарь окажет помощь работникам библиотек, музеев, архивов и других учреждений при проведении массовых мероприятий, организации книжных выставок, в пополнении краеведческих картотек, выполнении библиографических справок и т.д.

«Календарь знаменательных и памятных дат Республики Казахстан на 2024 год» можно приобрести в Национальной библиотеке РК или подписаться по каталогам «Евразия-пресс» и «Эврика-Пресс».

бауыржанжакып

Бауыржан Жақып : библиографиялық көрсеткіш = Бауыржан Жакып : библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; алғы сөзін жазған Ж. Дәдебаев ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: М.Қ. Тәшімбетова, Э.Т. Молдақұлова. – Алматы, 2023. – 217 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

«Бауыржан Жақып» библиографиялық көрсеткіші қазақтың көрнекті ақыны, аудармашы, журналист, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Бауыржан Өміржанұлы Жақыптың 60 жылдық мерейтойына арналады.

Көрсеткіштегі материалдар 1980 жылдан 2023 жылдың маусым айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ және орыс тілдердегі кітаптарды, жинақтар мен мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер мен мақалаларды қамтиды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдардың атауларының деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

кемелтоқаев

Кемел Тоқаев (1923 1986) : библиографиялық көрсеткіш = Кемель Токаев (1923 1986) : библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст. М.Қ. Тәшімбетова. – Алматы, 2023. – 101 б. – Қазақ, орыс тілдерінде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Кемел Тоқаев (1923–1986)» атты библиографиялық көрсеткішті жазушы, драматург, қазақ әдебиетінің алтын қорына шытырман оқиғалы детектив жанрынан алғаш олжа салған қаламгер, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО-ның I және II дәрежелі «Отан соғысы» ордендері мен медальдарының, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарының, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасының мен төсбелгісінің иегері Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына арнап дайындап шығарды.

Көрсеткіштегі материалдар 1948 жылдан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде қазақ және орыс тілдерінде басылған кітаптар мен жинақтарды, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған еңбектер мен мақалаларды қамтиды. Олар қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке беріліп отыр.

Библиографиялық көрсеткішті құрастыруда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының кітап қоры, «Қазақстан: өткені мен бүгіні», «Авторефераттар», «Диссертациялар» дерекқорлары және анықтама-библиографиялық аппараты, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының басылымдары: баспасөз шежіресі, кітап шежіресі, мақалалар мен рецензиялар шежіресі, газет, журнал мақалаларының шежіресі, интернет ресурстары пайдаланылды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдардың атауларының деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, кемелтанушыларға, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

тынышбекТынышбек Дайрабай : библиографиялық көрсеткіш / ҚР Ұлттық кітапханасы ; алғы сөзін жазған С. Балғабаев ; ред. Б.Қ. Оспанова ; құраст. З.А. Тоқбергенова. – Алматы, 2023. – 155 б.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, белгілі зерттеуші, этнограф,  журналист, жазушы, «Құрмет» ордені-нің иегері Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабайдың 80 жасқа толуына орай ұсыныстық библиографиялық көрсеткішті дайындап оқырман назарына ұсынады.

Бұл көрсеткіш хронологиялық тәртіп бойынша 1961 жыл-дан бастап 2022 жылдың аяғына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген кітаптары, кітап ішіндегі және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларды қамтиды. Көрсет-кіш қазақ тілінде түзіліп, 8 бөлімдерге бөлінген.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдар атауларының деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, этнографтарға, тарихшыларға, жазушының еңбегін зерттеушілерге, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

   

рахымжан

Рахымжан Отарбаев (1956 – 2018) : библиографиялық көрсеткіш = Рахымжан Отарбаев (1956 – 2018) : библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры ; алғы сөзін жазған С.Ж. Шәпкенов ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Ж.С. Нұрымбаева. – Алматы, 2022. – б. – Қазақ, орыс, шет тілдерінде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы және «Рахымжан Отарбаев Руханият қоры» жеке қоры көрнекті жазушы-драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы «Рахымжан Отарбаев (1956 – 2018)» атты библиографиялық көрсеткішті дайындады.

Көрсеткіштегі материалдар 1977 жылдан 2022 жылдың қараша айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ, орыс және басқа тілдердегі кітаптарды, кітап ішіндегі және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларды қамтиды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдар атауларының  деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, жазушының еңбегін зерттеушілерге, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

 

БайтурсыноваАхмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937) : библиографиялық көрсеткіш = Ахмет Байтурсынов (1872 – 1937) : библиографический указатель / ҚР Ұлттық кітапханасы ; ғыл. ред., алғы сөзін жазған Ұ. Сәйдірахманұлы; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: М.Қ. Ташимбетова, Р.М. Абишева, Ж.С. Усербаева. – Астана : «Qyr balasy» ҚҚ баспасы, 2023. – 540 б. – Қазақ, орыс, шет тілдерінде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақ жазуының реформаторы, ақын, публицист, мемлекет қайраткері, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде тойлануы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы (1872 – 1937)» атты библиографиялық көрсеткішті дайындап шығарды.

Бұл көрсеткіш хронологиялық тәртіп бойынша 1909 жылдан 2022 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген басылымдарды қамтыды. Көрсеткіш екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімге – қазақ, екіншісіне – орыс және басқа тілдердегі әдебиеттер жинақталды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдардың атауларының деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғылыми қызметкерлерге, әдебиетшілерге, тілшілерге, ағартушы-ғалымның еңбегін зерттеушілерге, студенттер мен жалпы оқырман қауымға арналған.

қасіретті жылдарҚасіретті жылдар (Кәмпеске. Халық көтерілістері. Ашаршылық. Қуғын-сүргіндер): библиографиялық көрсеткіш : ІІ бөлімнен тұрады. І бөлім / ҚР Ұлттық кітапханасы ; алғы сөзін жазған Е. Тоқтарбай; ред. Б.Қ. Оспанова ; құраст.: Б.С. Балғымбаева, Ж.С. Нұрымбаева. – Астана, 2023. – 864 б.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі мен 2020 жылғы 24 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» № 456 Жарлығына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қасіретті жылдар (Кәмпеске. Халық көтерілістері. Ашаршылық. Қуғын-сүргіндер)» атты библиографиялық көрсеткішті дайындады.

Көрсеткіш ХХ ғасырдың басында Қазақстанда жүргізілген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккен жандардың рухтарына тағзым етуге арналған.

Көрсеткіш хронологиялық тәртіп бойынша 1928 жылдан 2022 жылдың шілде айына дейінгі кезеңде баспа бетінде жарық көрген қазақ, орыс және басқа тілдердегі кітаптарды, кітап ішіндегі және мерзімді басылымдарда жарияланған мақалаларды қамтиды.

Көрсеткіш көмекші құрал ретінде есімдер және басылымдардың атауларының деректерімен жабдықталған.

Библиографиялық көрсеткіш ғалымдарға, ғылыми қызметкерлерге, тарихшыларға, мәдениет қызметкерлеріне, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және жалпы оқырман қауымға арналған.

М. АуезовМ.О. Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш = Библиографический указатель по творчеству М.О. Ауэзова / ҚР Ұлттық кітапханасы ; алғы сөзін жазған Е. Ханкей ; ред.: Б.Қ. Оспанова, Н.А. Искалиева ; құраст.: М.Қ. Тәшімбетова, М.С. Мырзатаева, А.А. Рахимова. – Алматы, 2022. – 516 б. – Қазақ, орыс, шет тілдерінде.

Бұл көрсеткіш 2009 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығы бірлесіп шығарған «М.О. Әуезов шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш» (1997–2007) атты көрсеткіштің жалғасы, және 2008–2022 кезеңді қамтиды.

Басылым филологтарға, ғалымдарға, мәдениет қызметкерлеріне, әуезовтанушыларға, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттерге, М. Әуезов шығармашылығына қызығушылық танытушы көпшілік оқырман қауымға арналған.