+7 (727) 267-28-83

11с26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында қазақстандық фотожурналистиканың негізін қалаушылардың бірі, белгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың 85 жылдығына арналған «Ақ пен қара» атты фотокітабының тұсаукесері және мерейтойлық жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылуы өтті.

 

Шараның модераторы – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы.

Мерейтойлық шара белгілі күйші əрі ақын Талап Қараштың «Күзембайдың көкпары» атты авторлық күй шашуымен ашылды.
Тұсаукесер рәсімінде фотокітаптың құрастырушы авторы, Сайлау Пернебаевтың шәкірті Асылхан Әбдірайымұлы «Сайлау Пернебаев – 85» тақырыбындағы баяндамасымен таныстырды.

Шарада замандастары: Зейнеп Ахметова, Қалиғұмар Қабдешұлы, Нұрманбет Қизатұлы, Априза Айтбайқызы, Әмірхан Меңдеке, Рысбек Сәрсенбайұлы, Бейсенбай Сүлейменов және тағы басқалар кейіпкер жайлы естеліктермен бөлісіп, «Ақ пен қара» фотокітабына тоқталды.

Шараға зиялы қауым, жазушылар, фотографтар, БАҚ өкілдері, студенттер қатысты.

11с1   11с2   11с3   11с7
11с4   11с5   11с6   11с8