+7 (727) 267-28-83

ауезов11111

26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Кеңестік репрессия жылдары қудалау мен тергеу, алдау мен арбау, өмірінде адамдық, аналық, тұрмыстық, ар-ождан таптауының машақатын бір кісідей тартқан халқымыздың асқақ рухты қызы Фатима Ғабитованың (1903–1968) басынан кешкен сан қилы тағдыр тауқыметі туралы «Өртеңде өнген гүл» атты кітабының толықтырылған жаңа нұсқасының тұсаукесері өтті.

Шараның модераторы  - Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақ радиосы» және «Шалқар» радиосы Алматы филиалының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы.

Алғашқы сөз «Атамұра» корпорациясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рақымғали Абрарұлы Құл-Мұхаммед пен Мәдениеттанушы-ғалым, қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ұлы Мұрат Мұхтарұлы Әуезге берілді.

«Өртеңде өнген гүл»  кітабының лентасын қию рәсіміне қатысқандар:  ғалым, жазушы - Мұрат  Әуез, Рақымғали  Құл-Мұхаммед, Мереке Құлкенов, Ильфа  Жансүгірова-Жандосова және Роллан Сейсембаев.

Кітаптың алғы сөзін жазған Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Құл-Мұхаммед. Аталмыш кітаптың бірнеше данасы ҚР Ұлттық кітапханасы қорына табысталды.

ауезов   ауезов1   ауезов2    
ауезов4   ауезов3   ауезов5