+7 (727) 267-28-83

турксой

27 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында түріктің ұлы ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері, Түркия тәуелсіздік гимнінің авторы Мехмет Акиф Ерсойдің 150 жылдық мерейтойына арналған «Ер Түріктің рухын асқақтатқан алдаспан ақын» атты дөңгелек үстел өтті.

Кеш модераторы: ақын, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы.

Құттықтау сөз сөйлегендер: ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы, Қырғыз мемлекеттік сыйлығының иегері Раев Сұлтан Акимұлы онлайн бейне құттықтау жолдады; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының орынбасары Қасымхан Бегманов сөз сөйлеп, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Құлкенов Мереке Әбдешұлының құттықтау хатын табыстады; Түркия Жазушылар одағының төрағасы Мұса Қазим Арыжан, бейне құттықтау жолдады; ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, ЮНЕСКО сыйлығының лауреаты, «Түрік даналары» теле жобасының авторы, Мехмет Ерсой өлеңдерінің аудармашысы, түрік гимнін қазақ тіліне аударған Жұмаш Көкбөрі; жазушы, М.О. Әуезов ат. Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Матыжанов Кенжехан Ісләмжанұлы. Ғалым, Қ.А. Яссауи ат. Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қарасты Евразия ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлүр.

Филология ғылымдарының докторы, Абай ат. ҚазҰПУ-тің профессоры м.а. Есбосынов Ерғали Зияханұлы баяндама оқыды.

Еркінбек Тұрғынов ақынның «Чанаккале шахидтерін» жатқа оқыды, Әбіш Әділбек «Күлтегін» жырынан үзінді, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Саниязбекұлы Айдос әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың «Қазағым-ай» әнін орындады.

Шараға зиялы қауым, жазушылар, қонақтар, студенттер және кітапхана оқырмандары қатысты.

турксой1   турксой2