+7 (727) 267-28-83

оралхан28 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты конференция өтті.

Қатысушылар Оралхан Бөкейдің «Өр Алтайдың асқақ жыршысы» атты өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі және суретшілердің туындыларымен танысты.

Іс шара модераторы - филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, публицист, ақын, аудармашы Бауыржан Жақып.

Алғашқы сөз Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаевқа берілді. Өз кезегіңде А. Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Қарин Ерлан Тынымбайұлының құттықтау хатын оқып, жазушының әпкесі Клара Мағзұмоваға табыстады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері Нұрдәулет Ақыш «Кестелі сөздің Кербұғысы» және филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің профессоры Гауһар Балтабаева «Оралхан Бөкейдің прозасындағы тәуелсіздік идеясы» атты баяндама оқыды.

Сөз сөйлегендер: жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәдірбек Сегізбаев; жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бексұлтан Нұржеке; ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет; әдебиет сыншысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмірхан Меңдеке; жазушы, Қазақ Пен-клубының төрағасы Бигелді Ғабдуллин; жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбай; жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаров; жазушы, Оралхан Бөкейдің жиені Тоқтарбек Мағзұмов; жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Асқар Алтай.

Шараға ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

оралхан1   оралхан2    
оралхан3   оралхан4   оралхан5