+7 (727) 267-28-83

тілегенов гл2024 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері, белгілі музыкант Бағдат Тілегеновтің 60 жасқа толуына орай «Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы – белгілі журналист, «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналы бас редакторының орынбасары Дина Имамбай.

Шарада белгілі кино және театр актері, Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Досхан Жолжақсынов, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мамашев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Базархан Қосбасаров және Ермұрат Үсенов, белгілі ақын, Түркі елдері жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, әнші, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры Бақыт Бөкебаев, белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева және т.б өнер қайраткерлері сөз сөйлеп, фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің тарихына, даму жолдары мен бүгінгі жетістіктеріне тоқталды.

«Қара қобыздан «Сазген сазына» дейін» кітабына автор музыканттың қалыптасу жолы, өмірдегі белестері мен жетістіктері жайлы сыр шертеді. Кітаптың бірінші бөлімі өмір мен өнербаянға арналса, екінші бөлімі кейіпкердің тұлға ретінде қалыптасуына ықпал еткен ұстаздарына арналған. Туындының үшінші бөлімінде қазақтың айтулы тұлғалары мен шетелдік әріптестерінің жылы лебіздері топтастырылды. Кітап музыканттар мен көпшілік оқырманға арналған.

Шара аясында «Сазген сазы» ансамблі түрлі күйлерді орындаса, белгілі дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова Әсет Бейсеуовтің «Маралдым» әнін шырқады. Сонымен қатар, Ұлттық кітапхана қорынан Бағдат Тілегеновтің шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Шараға елгілі өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, фольклорлық ансамбль ардагерлері, БАҚ өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

тілегенов 1   тілегенов 2   тілегенов 3   тілегенов 4
тілегенов 5   тілегенов 6   тілегенов 7   тілегенов 8