+7 (727) 267-28-83

гл елубай2024 жылғы 31 қаңтарда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақ КСР халық әртісі Елубай Өмірзақовтың 125 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Елубай Өмірзақов – қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, оның шығармашылық даралығы кәсіби өнер саласында айқындалған.

Кештің мақсаты – Е.Өмірзақовтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, жастарды оның сахналық тағдырымен, өзіндік дарындылық ерекшелігімен, өнердегі жоғары жетістікке жету жолдарымен, толыққанды сахналық образдар жасау шеберлігімен таныстыру.

Кешті Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.

Сөз сөйлегендер: Қазақстанның халық әртісі, профессор, режиссер Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы; актер, театр режиссері, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Барыс», «Тарлан» сыйлығының иегері Обаев Есмұқан Несіпбайұлы; қазақ театр оқытушысы, профессор, өнертану ғылымының кандидаты, аудармашы, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр сыншысы, Бөпежанова Әлия Қаһарманқызы; өнертану кандидаты, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер Институтының театр бөлімінің меңгерушісі Мұқан Амангелді Оразбайұлы; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының магистрі, этномузыкатанушы, «Музыкатану» магистрі, домбырашы, күйші Қазмұхамбетов Ермек. Республикалық байқаулардың лауреаты Бекзат Сәрсек, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Жақсылықов Димаш өнер көрсетті.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының, Еуразия техникалық-экономикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары, музыкалық колледждер мен мектептердің студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты.

Модератор өнертану кандидаты, профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құлбаев Аман Бекенұлы болды.

Іс-шарада Қостанай телеарнасының «Өңір мақтанышы» деректі фильмі көрсетілді, сондай-ақ Е.Өмірзақов өз уақытында орындаған музыкалық шығармалар орындалды.

елубай 1   елубай 2   елубай 5
елубай 3   елубай 4   елубай 6