+7 (727) 267-28-83

кытай гл2 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Үлкен залында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырған «Қытай өркениетімен танысу – Поэтикалық Чанъань, жарқын өркениет туралы жады» тақырыбында онлайн іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту, Орталық Азия елдерінің жастарын Қытайдың көне тарихымен және мәдениетімен таныстыру.

ҚХР тарапынан іс-шараның ұйымдастырушысы - Сиань қаласының Үкіметі. Сиань (ескі атауы Чанъань) қаласы Қытайға Ұлы Жібек жолы бойымен сапар шегетін сауда керуендерінің шоғырлану орталығы болған, онда Ежелгі Қытай қорғандары мен терракоталық әскері бар Цинь Ши Хуан кесенесі орналасқан.

Іс-шара бағдарламасында: «Қытай өркениетіне кіру» тақырыбы бойынша ақпараттық шолу; Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан елшіліктерінің өкілдерімен интерактивті байланыс.

Іс-шараға Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханым, ҚР Ұлттық кітапханасының басшылары мен қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, Қытай тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытқандар қатысты.

кытай 2   кытай 1   кытай 3
кытай 4   кытай 5   кытай 6