+7 (727) 267-28-83

жетісу гл2024 жылғы 14 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасында Жетісу облысы әкімінің қолдауымен 2006 жылдан бастап жарыққа шыққан ақын-жазушылар, композиторлар мен суретшілердің кітаптарының 300 данасын «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында Ұлттық кітапханаға сыйға тарту рәсімі өтті.

Іс-шара 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні аясында өтті

Шараның мақсаты ‒ дарынды ақын-жазушыларымыздың шығармаларын насихаттау, ҚР Ұлттық кітапханасымен мәдени байланысты нығайту.

Шараны құттықтау сөзбен Жетісу облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов ашып, Жетісу өңірінің көркем әдебиет және өнер саласы бойынша шыққан кітаптардың 300 данасын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты.

Іс-шарада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін; Халықаралық Түрксой Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Ұлықбек Есдаулет; жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Ысқабай; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Елеусіз Жанпейісұлы; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қуат Қайранбаев; ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым; Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев; ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан сөз сөйлеп, жетісулық жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақыт Қабылқанқызының «Алтын бесік», Әли Алпысбайдың «Сағым», Жангелді Немеребайдың «Арман аялдамысы» кітаптарының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы сөз сөйлеп, Жетісу облысы әкімдігіне және Жетісу өлкесінің ақын-жазушыларына алғысын білдіріп, ҚР Ұлттық кітапханасының айырбас-резервтік қорынан 2000 дана кітапты Жетісу облысы кітапханаларына сыйға тартты.

Шара аясында Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев, белгілі дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Нұржан Жанпейісов және Жетісу облысының Д.Рақышев атындағы филармониясының «Күреңбел» триосының әншілері ән шырқады.

Қатысушылар: Алматы қаласы және Жетісу өңірінің ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері.

жетісу1   жетісу2   жетісу3   жетісу4
жетісу5   жетісу6   жетісу8   жетісу7