+7 (727) 267-28-83

балаева глА. Балаева: Министрлік Әділетті Қазақстанның құрылуына елеулі үлес қосудағы жұмысын жалғастыратын болады

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ведомствоның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын жариялады.

Іс-шараға Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

«Министрлікті құру барысында, Мемлекет басшысы Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойды. Атап айтқанда, бәсекеге қаблетті, жаһандық контексте бірегей мәдениетін сақтаған ұлттық болмысымызды қалыптастыру арқылы мемлекет пен қоғамның үйлесімді дамуын, ішкі идеологиялық және сыртқы имидждік әлеуетін, азаматтарымыздың ел ертеңіне сенімділігін қамтамасыз ету. Әрине, осындай стратегиялық ірі міндеттің үдесінен шығу үшін біз министрлік құзыретіндегі барлық салалар мен бағытттардағы жоспарларымызды сараптап, жаңа деңгейге көтердік», – деді Аида Балаева. Сонымен қатар министр биыл көптеген жаңа жобалар мен бастамалар жоспарланып отырғанын да атап өтті.

Мәдениеттің барлық саласы бойынша кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.

Бұл жылдың басты жаңалықтарының бірі, еліміздегі татулық пен ынтымақты ту еткен «Бірлік» ансамблі құрылды. «Ақжауын» ансамбліне республикалық статус беру мәселесі туралы шешім қабылдануда.

Кітап ісі бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, енді кітаптарды басып шығару, әдебиетті қолдау қалың көпшілікпен талқыланып, жаңа ережеге сәйкес жүзеге асатын болады.

Жаңа туындылар мен жас таланттарды таныту, ұлт әдебиетінің жауһарына айналған туындыларды қайта басып шығару, оларды әдебиеттің өзекті мәселелерін ортаға салып, жаңа тенденцияларды талқылау әлемдік тілдерге аудару сияқты мәселелерді мемлекеттік қолдау мақсатында министрлік жанынан әдеби клуб ашылады.

Осы жылдан бастап мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды конкурстық іріктеу ережелері де өзгерді. Ұлттық киноны қолдау орталығы сценарийлерді қабылдап, олардың ең жақсысын сарапшылар кеңесі таңдайды.

«Біз алғаш рет 7 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосатын боламыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Ұлттық музей жанынан ұлтымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін құндылықтарымыздың өміршеңдігін сақтап қалуға жағдай жасайтын ауқымды реставрация орталығы құрылады. Сонымен қатар алыс-жақын шетелдердегі біздің тарихи құнды мұраларымызды қайтару халықаралық заңнамаға сәйкес жүргізілетін болады» – дейді министр.

Барлық ведомство мен жүйелердің кітапханаларына Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана кезең-кезеңімен енгізіледі. Биылғы бірінші тоқсанында пилоттық жобаға қосылатын 2 облыстық кітапхана анықталады.

«Ел идеологиясының басты тұтқаларының бірі бұл, әрине, ақпараттық саясат. Отандық ақпараттық контенттің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыру, оның құндылығын толықтыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар қолданылуда.

Президент мемлекет мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасфераның даму үрдісін ескере отырып, медиа заңнаманы қайта қарау туралы тапсырма берген болатын. Соған байланысты «Масс-медиа туралы» заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.

Ақпараттық шабуылдарға және деструктивті идеологияның таралуына қарсы кешенді шаралар қабылданады. Мәселен, «сұр тарелкаларды» таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу, медиа саладағы бизнес-процестерді цифрландыру шеңберінде бірыңғай медиа платформа құру жоспарлануда», – деді Аида Балаева.

Заң қабылданғаннан, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды бөлу механизмінен гранттық қаржыландыруға көшеді, шекара маңындағы өңірлерді ратификациялау бойынша жұмыс жүргізіледі, салалық журналистика дамиды, сондай-ақ журналистердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Балалар контентін дамытуға, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.

Халық арасында ең көп сұранысқа ие қарқынды дамып келе жатқан алаңдардың бірі – қоғамдық кеңестер. Осыған байланысты министрлік жанынан Қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы құрылды.

Азаматтық қоғам саласында азаматтық қоғамды дамыту т ұжырымдамасы әзірленеді, ал 2024 жылғы сәуірден бастап қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар тетігі енгізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрияларды дамыту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, оның шеңберінде «Креативті индустрияларды қолдау орталығы» корпоративтік қорын құру пысықталуда, сондай-ақ өңірлерде креативті хабтар ашу жоспарлануда.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы дайындалды.

Этносаралық келісім саласында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша алғаш рет 2023 жылы «Ел бірлігі» ордені, мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Мәдениет пен өнер салаларындағы үздік жұмыстары мен туындылары үшін» және «Әдебиет пен журналистика салаларындағы үздік жұмыстары үшін» сыйлықтары тағайындалды.

«Қазақстандағы ұлт қалыптастыру: қазіргі жай-күйі, процестер мен үрдістер» тақырыбында баяндама әзірленді.

«Біздің министрлік Әділетті Қазақстанның құрылуына елеулі үлес қосып, Президенттің ауқымды бағдарламалары мен бастамаларын іске асыру бойынша жұмысын жалғастыратын болады», - деп түйіндеді министр.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

балаева4   балаева1   балаева3   балаева6
балаева8   балаева5   балаева2   балаева7