+7 (727) 267-28-83

якут гл

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Саха Республикасынан (Якутия) делегация келді.

16 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Саха Республикасының (Якутия) сыртқы байланыстар және халықтар ісі министрі Кириллин Г.В.; Саха Республикасының (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрі Ноев А.И.; Саха Республикасы (Якутия) Сыртқы байланыстар және халықтар ісі министрлігі Сыртқы экономикалық байланыстар бөлімі басшысының орынбасары Максимов Б.В.; Саха Республикасы (Якутия) «Конгресс-центр Якутия» мемлекеттік автономиялық мекемесі басшысының орынбасары Антонова А.К.; Саха Республикасы (Якутия) «Геомәдени даму институты» мемлекеттік бюджеттік мекемесі директорының орынбасары Брызгалова С.С.; Суорун Омоллоона атындағы Мемлекеттік опера және балет театрының продюсері Садовский А.Ю. танысу сапарымен келді.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова А.Х. кітапхана қызметі туралы баяндап, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ, қонақтарды кітапхананың оқу залдарымен және кітап бұрыштарымен таныстырып, экскурсия жүргізілді.

якут1   якут7   якут5   якут4
якут2   якут6   якут3   якут8