+7 (727) 267-28-83

Фолиант гл

16 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры,Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы және директордың ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы Астана қаласындағы «Фолиант» баспасына барды.

Сапар барысында «Фолиант» баспасының директоры Исабеков Нұрлан Сәрсенбекұлы, Қазақстан Жазушылар Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Асқаров Әлібек Асылбайұлымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы жоспарларды талқылады.

Кездесуде «Фолиант» баспасы директорының бірінші орынбасары Мамырбаева Бағлан Сағындыққызы, сату бөлімінің жетекшісі Жұмағұлов Берік Нығметжанұлы, көрмелерді ұйымдастыру менеджері Саржанова Гүлнар Советқызы қонақтарға баспа қызметі бойынша экскурсия жүргізіп, жұмыс барысымен таныстырды.

«Фолиант» баспасы – кітап нарығында 1996 жылдан бері жұмыс істеп жатқан көпсалалы қазақстандық баспа. Баспа қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптардың кең ауқымын дайындаумен және шығарумен айналысады.

Ең таңдаулы туындыларды, әлемдік деңгейдегі шығармаларды оқырмандардың қазақ тілінде, яғни өз ана тілінде оқып, көштен қалмай,таным көкжиегін кеңейту – баспаның басты мақсаты.

фолиант2   фолиант1   фолиант3   фолиант4